Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер көз линзаларының коронавирус жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Көзге тағатын контактілі линзалар коронавирусты жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Бұл туралы ресейлік офтальмолог, медицина ғылымдарының докторы Татьяна Шилова мәлім етті, деп хабарлайды lenta.ru.

Көз дәрігерінің айтуынша, контактілі линзаларды адам қолымен ұстап, көзіне салғанда, ол тікелей көздің беткі қабатымен жанасады. Ал бұл инфекция жұқтыру қаупін арттырады, дейді маман.

"Халықаралық офтальмологиялық қауымдастық контактілі линзаларды қолданбауға кеңес береді. Пандемия кезінде мұқият өңделетін көзілдірікті қолданған жөн немесе көру қабілетін лазерлік түзету арқылы дұрыстау керек", – дейді офтальмолог.

Шилованың сөзінше, вирус адам ағзасына көз арқылы енуі мүмкін екені туралы ақпарат пандемия басталғанда шыққан.

"Міне, сол уақытта қолды жуып, көзге тиіспеу туралы алғашқы ұсыныстар пайда болды", – дейді ол.

Айта кетерлігі, бұған дейін коронавирустың "омикрон" штамы көз арқылы жұғуы мүмкін екенін генетик Андрей Исаев та мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, мұндай науқастарда көбінесе инфекцияның алғашқы белгілерінің бірі конъюнктивит болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1954581-dariger-koz-linzalarynyn-koronavirus-zuqtyru-qaupin-arttyruy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel