Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шекесі күннен-күнге үлкейіп барады": Қызының ауруы асқынған ана жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Александра Кардакова
Александра Кардакова. Кадр: КТК арнасы

Қауіпті дертке шалдыққан 13 жастағы алматылық жасөспірім қызға шұғыл көмек қажет. Александра Кардаковаға ольфакторлық нейробластома деген диагноз қойылған. Бұл қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрі. Шетелдік дәрігерлер ғана жасай алатын отаға 500 мың доллар қажет, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Александраның қауіпті кеселге шалдыққанын жақындары бірден аңғармаған. Тек басы жиі ауыра бастаған соң тексерістен өткен. Дәрігерлердің қойған диагнозын естігенде туыстарының төбесіне жай түскендей болған.

Олар бірден Александраның басына трепанация жасатып, ісіктің көзін жоюға тырысқан. Химиотерапияның 6 курсын өткенімен, алайда жағдайы бәрібір оңалмаған.

Қазір жасөспірім қыз төсекке танылған. Сабаққа да баруын қойған. Ол күніне ондаған дәрі ішуге мәжбүр.

Анасының айтуынша, Александраның қалыпты өмірге оралуы үшін құны 500 мың доллар тұратын операция жасалуы керек.

Александраның әкесі қайтыс болған. Осы орайда Елена Кардакова қызының тағдырына бейжай қарамайтын мейірімді адамдардан қомақты қаржыны жинауға көмек сұрап отыр.

"Қызымның шекесі күннен-күнге ісініп үлкейіп барады. Басындағы ісіктің кесірі енді мойнына да жайылды. Әлсіз, орнынан тұруға шамасы жоқ. Осыған дейін көңілді, белсенді болып жүрген қызымның дәретханаға әзер жүріп баратынын ойласам жүрегім қарс айырылады. Барлық қазақстандықтардан көмек сұраймын! Қажет соманы жинауға қол ұшын созсаңыздар", - дейді Елена Кардакова.

Александра Кардаковаға көмек қолын созам деген жандар үшін байланыс нөмірі: Елена Кардакова  +7 771 460 8619 .

Реквизит:

  • Halyk 6244 4544 6028 3535
  • Kaspi 5169 4971 1328 5344

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1960153-500-myn-dollar-qazet-qyzynyn-auruy-asqynyp-bara-zatqan-ana-zanusyra-komek-surady/

pixel