Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынасқа күн сайын түскен дұрыс па

Опубликовано:

Жыныстық қатынасқа күн сайын түскен дұрыс па
Жыныстық қатынасқа күн сайын түскен дұрыс па: Pexels

Көптеген адам жыныстық қатынасқа жиі түссе, ұзақ өмір сүріп, денсаулығы сыр бермейді деп ойлайды. Алайда сексолог және психолог мамандар жыныстық қатынасқа жиі түсудің өз кемшіліктері барын алға тартады. Бүгінгі мақалада жиі жыныстық қатынасқа түсудің пайдалы әрі зиян тұстарын айтатын боламыз.

Жыныстық қатынасқа жиі түсудің артықшылықтары

Кейбір адам интимдік жақындасуды физиологиялық тұрғыда ляззат алу деп түсінсе, енді бірі ол тек тәннің үйлесімі ғана емес, жан үйлесімі деп ойлайды. Осы орайда алдымен жыныстық қатынасқа түсудің денсаулыққа пайдалы тұстары жайлы айтуды жөн көрдік.

Жыныстық қатынас арқылы сүйген еріңізді табысты етуге бола ма

Сексопатолог Лори Дж. Уотсон сексуалдық энергия ер адамға ерекше күш әрі драйв сыйлайтынын, ал ол өз кезегінде оны жеке өмірінде де, қызметінде де табысқа жетелейтінін жазған.

Маманның пікірінше, ұзақ уақыт жұмыстан шаршайтын ерлер үйде тән ляззатына бөленгісі келеді екен. Сол себепті ол жыныстық қатынасқа жиі түсетін еркектер өмірдің әр саласында табысты болады дейді.

Ұрық сапасының жақсаруы

PubMed журналының бір топ ғалымдары күнделікті жыныстық қатынасқа түсу ер адамның шәуетінің сапасын жақсартатыны туралы зерттеу мақала жариялаған. Ванесса Комар, Клаудиа Г. Петерсен және т.б. ғалымдар зерттеуге қатысқан 10 адамның 8-інде күн сайын жыныстық қатынасқа түсу бірқатар оң өзгеріс әкелді деген пікірде. Олардың шәует жасушасының ДНҚ-сында дефектілердің мөлшері азаятындығын әрі ұрық белсенді болатынын байқаған.

Психологиялық жағдайдың жақсаруы

Белгілі психотерапевт Ролло Мэй өзінің "Махаббат және күш-жігер" атты еңбегінде жыныстық белсенділік күнделікті тұрмыста кездесетін көптеген психикалық күйзелісті азайтынын айтқан. Ғалымның пайымдауынша, жыныстық жақындасу кезінде эндорфин бөлінеді екен және осы арқылы адамдардың өмір сүруге құлшынысы арта түсетін көрінеді.

Жыныстық қатынасқа тұрақты түрде түсу – бақыт гормоны аталатын серотонин гормонын шығаруға жол ашады екен. Оның сөзінше, махаббат түнінен кейін адамдар түрлі күйзелістерге жеңіл қарайтын көрінеді. Психология профессоры және жазушы Тодд Б. Кашдан мен оның әріптестері жыныстақ қатынасқа түскен адамдар ертесінде әлеуметтік қобалжу мен негативті эмоцияларға көп берілмейтінін дәлелдеген.

Ғалымдар оргазм сәтінде адамдарға ляззат сыйлайтын әрі оны тыныштандырып, ұйқысын келтіретін окситоцин гормоны бөлінетінін анықтаған. Яғни жыныстық қатынас адамның ұйқысын тыныштандырады екен. Жыныстық қатынасқа түскеннен кейін ерлі-зайыптылар әдетте энергияға толы әрі көтеріңкі көңіл-күймен оянады дейді ғалымдар.

Адамның ойлау қабілетінің жоғарылауы

Жыныстық қатынасқа түскен кезде, сонымен бірге адамның миының жұмысын жақсартатын адреналин және кортизол деңгейі көтеріледі. Психология докторы Хейли Райт жыныстық қатынас – кез келген оқиғаға реалистік тұрғыда қарауға әрі адамның сөйлеу қабілетінің жоғарылауына әсер ететінін анықтаған. Сондай-ақ жыныстық қатынас тұрғысынан белсенді өмір сүретін адамдар кеңестіктегі әрі визуалды есептерді жылдам әрі тез шығарытыны дәлелденген.

Жыныстық қатынасқа күн сайын түскен дұрыс па
Жыныстық қатынасқа күн сайын түскен дұрыс па: Pexels

Денені сымбатты етеді

Сексуалдық қатынасқа түскен сәтте адамдарда DHEA (жастық гормоны) өндіріліп шығады, ал ол өз кезегінде адамның сымбатты болуына мүмкіндік береді. Ғалымдар оргазм болғаннан кейін, DHEA-ның қандағы мөшлері шамадан бес есе көп болатынын анықтаған.

Сонымен бірге жыныстық қатынасқа түскен сәтте көптеген бұлшық ет жұмыс жасайтыны, ал жыныстық қанынасқа түскен жарты сағатта 100 калория жойылатыны белгілі болған.

Адам жас әрі тартымды болады

Төсек қатынасына жиі түсетін адамдарда феромон мөлшері көп болады, бұл гормон ерлерді әрі әйелдерді сұлу ететіні дәлелденген. Ал әйелдер оргазм алған сәтте эстроген гормоны бөлінеді. Ол:

  • беттегі әжімдерді тегістейді және бет терісін жұмсартады;
  • қан айналымын жақсартады;
  • теріні оттегімен қанықтырады;
  • терінің қалпына келуін жақсартады.

Жыныстық қатынас әсіресе әйел адамдарға өзінің жастығы мен тартымдылығын табиғи түрде сақтауға мүмкіндік береді.

Ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы жақсарады

Жұптардың арасында физикалық жақындықтың болуы олардың арасындағы эмоциялық жақындықты арттыра түседі. Мәселен күн сайын жыныстық қатынасқа түсетін жандар бір-біріне жақын бола түседі екен. Бұл ретте әсіресе әйелдерге тән жақындығынан гөрі жан жақындығының маңызды екенін атап өткен жөн.

Ғашық жұптар бір-бірімен күнделікті жыныстық қатынасқа түскен кезде, олар көп жағдайда:

  • түрлі жеке тақырыптар жөнінде әңгімелеседі;
  • олардың арасындағы бір-біріне деген сенім артады;
  • ерлер мен әйелдер бір-біріне ашылып, психологиялық тұрғыдан бір-біріне жақындай түседі.

Ал әйел адамдар жыныстық қатынасқа жиі түссе, олардың өзіне деген сенімділігі артады екен. Олар өздерін бақытты әрі сексуалды әйел ретінде көреді. Мұндай көңіл-күй олардың жалпы психологиялық жағдайының жақсаруына, жолдасы екеуінің ара-қатынасының жақсаруына, жалпы отбасындағы жағдайдың қалыпты әрі тұрақты болуына жол ашады екен.

Жыныстық қатынасқа жиі түсудің зиянды тұстары неде

Төсек қатынасына жиі түсудің артықшылықтары көп болғанымен, оның денсаулыққа зиян тұстары да бар екен. Төменде осы жайында толығымен баяндайтын боламыз.

Физикалық әрі эмоциялық тұрғыда шаршау

Кейбір адамдар жыныстық қатынасқа күн сайын түсуді оғаш көрмейді, ал кей жұптар жыныстық қатынасқа аптасына тек 1-2 рет қана түседі. Ғалымдар жұптардың темпераменттері бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда, олардың бірі ашуланшақ әрі физикалық тұрғыда шаршаңқы келетінін дәлелдеген.

Олардың пікірінше, күнделікті жыныстық қатынасқа түсу үшін көп күш керек. Олар күн сайын төсек қатынасына түсу кей жұптарды шаршатып қана қоймай, оның мәнісін кетіреді дейді. Мұндайда әсересе нәзік жандылар күн сайын жыныстық қатынасқа түсуден бас тартып жатады дейді мамандар.

PubMed журналы психолог С. К. Гантердің еркектердің әйел адамдарға қарағанда тез шаршайтынын айтқан. Оның сөзінше жыныстық қатынасқа тым көп түсу – екі жұпты да қажытады.

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Либидоның төмендеуі

Карнеги-Меллон университетінің психология және экономика профессоры Джордж Левенштейн жыныстық қатынасқа шамадан көп түсу либидоның төмендеуін әрі одан ляззат алу деңгейінің төмендеуіне әкелетінін анықтаған. Ол мұндай жағдайда көптеген жұп төсек қатынасында сәтсіздіктерге ұшырайтынын айтқан.

Мұндай жағдайда ер адамдар өзінің жұбының қызығушылығын төмендетпеу үшін әрі оның алдында өз беделін түсірмеу үшін ляззат сыйлаудың басқа да жолдарын таңдайды екен. Ал бұл әдістер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін дейді ғалымдар.

Инфаркт алу қаупі мол

Венеролог және сексолог Екатерина Макарова жыныстық қатынастың шамадан тыс болуы инфарктқа, кейде тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Оның сөзінше инфаркт алуы мүмкін адамдардың қатарында денсаулығында мынадай ақаулары бар жандар жатады екен:

  • көмірсулар мен холестерин алмасуының бұзылуы;
  • қант диабеті;
  • гипертония;
  • стенокардия.

Шырышты қабықтың тітіркенуі

Жыныстық қатынас кезінде жыныс мүшелері үйкеліп, оларға зақым келуі әбден мүмкін. Сол себепті жыныстық қатынас тым жиі орын алса, физикалық әсерден шырышты қабық тітіркенуі мүмкін. Көп жағдайда мұндай ақаулар әйелдердің қынабында, оның жеткілікті деңгейде ылғалданбауы салдарынан болуы ықтимал. Яғни әйелдің қынабында белгілі бір деңгейде жайсыздықтар орын алады. Кейде тіпті жыныс мүшесі ісіп, жақындық кезінде ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Күн сайын жыныстық қатынасқа түсу немесе сәт сайын махаббат сезімін сезіну шешімін әр жұп өз денсаулығы мен шамасына қарай қабылдауы керек. Ол үшін тәніңізді тыңдап, жаныңыздағы серіктестің де ұсыныс-тілектерін ескеріңіз және тек оның келісімімен ғана кезекті жыныстық қатынасқа түскен абзал. Осы арқылы сіздер қарым-қатынастарыңызда үйлесімділікке қол жеткізе аласыздар.

Назар аударыңыз! Материал тек ақпараттық сипатта ұсынылып отыр. Жоғарыда аталған әдістерді дәрігер рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Laurie J. Watson. How Men Really Feel About Sex // PubMed. — 2017. — № 10. — March.

2. Мей Р. Махаббат және күш-жігер. — М.: «Рефл-бук» — К.: «Ваклер», 1997 — 110 б.

3. Todd B. Kashdan, Leah M. Adams, Antonina S. Farmer, Patty Ferssizidis, Patrick E. McKnight, John B. Nezlek. Sexual healing: daily diary investigation of the benefits of intimate and pleasurable sexual activity in socially anxious adults // WebMD. — 2014. — № 43(7). — October.

4. Hayley Wright, Rebecca A. Jenks. Sex on the brain! Associations between sexual activity and cognitive function in older age // Age and Ageing. — 2016. — № 45 (2). — March. — С. 313‒317.

5. S. K. Hunter. Sex differences in human fatigability: mechanisms and insight to physiological responses // PubMed. — 2014. — № 210 (4). — April.

6. George Loewenstein, Tamar Krishnamurti, Jessica KopsicDaniel, McDonald. Does Increased Sexual Frequency Enhance Happiness? // Journal of Economic Behavior & Organization. — 2015. — № 116. — С. 206‒218.

7. Vanessa A. Comar, Claudia G. Petersen, Ana L. Mauri, Mariana Mattila, Laura D. Vagnini, Adriana Renzi, Bruna Petersen, Andreia Nicoletti, Felipe Dieamant, Joao Batista A. Oliveira, Ricardo L. R. Baruffi, José G. Franco Jr. Influence of the abstinence period on human sperm quality: analysis of 2,458 semen samples // PubMed. — 2017. — № 21(4). — December.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969443-zynystyq-qatynasqa-kun-saiyn-tusken-durys-pa/

pixel