Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әсіресе, СҚО-да жиі кездеседі": Елімізде әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке ұшырағанын айтуда. Соңғы зерттеу бойынша елімізде 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20,6% артық салмақтың, ал 6,6% семіздіктің зардабын тартып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың тек 30%  спортпен айналысады. Бұл өте төмен көрсеткіш дейді, - мамандар.

Балалар арасындағы семіздік, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысында жиі кездеседі екен.

Дәрігерлер балалар арасындағы артық салмақ көптеген қауіпті сырқатқа түрткі болатынын айтады.

"Семіздікке ұшыраған балалар олар жас қосқан сайын қант диабетіне шалдығады", - дейді ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер мен балаларда қандағы қант мөлшері қанша болуы керектігін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969715-darigerler-qazaqstanda-arbir-besinsi-bala-semizdikke-usyraganyn-aityp-dabyl-qaqty/

pixel