Пайдалы шоколадты қалай таңдауға болады: Маман кеңесі
Жарияланған күні:
Нутрициолог Валентина Жукова РИА Новости басылымына берген сұхбатында шоколадты таңдағанда нені ескеру керектігін айтып берді. Маман кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.
Оның сөзінше, құрамында қант бар шоколадтың ешқандай пайдасы жоқ. Қанттың орнында какао дәндері болуы керек.
Сондай-ақ құрамында артық ингредиенттердің бар-жоғына назар аударған жөн. Олар: дәмдеуіштер, тәттілендіргіштер және тағы басқалары.
"Егер сіз ащы шоколадты ұнататын болсаңыз, онда құрамында тек какао дәндері бар өнімді таңдаған дұрыс.
Жалпы, бал немесе құрма сияқты табиғи тәттілендіргіштері бар шоколадты таңдауды ұсынамын. Бұл әлдеқайда пайдалы әрі дәмдірек", - деді Жукова.
Сонымен қатар нутрициолог сүтті шоколадты ұнататындарға оны қара шоколадпен алмастыруға кеңес берді.
Одан бөлек, маман кептірілген жемістері бар шоколадқа мұқият болу керек екенін ескертті.
"Бұндай шоколадтың құрамында изомальт пен эмульгаторлар бар. Бұндай қоспасы бар өнімдерді ұсынбаймын", - деді маман.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1969986-paidaly-sokoladty-qalai-tandauga-bolady-maman-kenesi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.