Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламның үш жылда көрмегені жоқ": Бір жарым айынан бері ракпен күрескен балақайдың анасы көпшілікке үн қатты

Опубликовано:

Үш жасар балақайға көмек қажет
Ханнұр Орынбасар. Фото: жеке мұрағат

Алматы облысы Кеген ауданының кішкентай тұрғыны Ханнұр Орынбасар бір жарым айынан бері қатерлі ісікпен күресіп келеді. Жақында үш жасқа толатын балақай бүгінге дейін 17 курс химиотерапия, 30 курс сәулелі терапия алып үлгерген. Ата-анасы баласын құтқару үшін Оңтүстік Кореядағы қымбат отаға ақша жинауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ханнұр өмір есігін ашқаннан бастап аурухана қабырғасынан алыстаған емес. Бір жарым айлығында ата-анасы оның мұрнынан өзгерістер байқап, дәрігерге алып барады. Алғашында ақ халаттылар "гемангиома" деп диагноз қойғанымен, кейін онкологиялық ауру екені анықталды.

"Онкологиялық дерт екенін білген соң, дереу химиялық терапия алуды бастадық. Бұл кезде Ханнұр бар болғаны төрт айлық сәби еді. 9 курс терапия алған соң, ісіктің беті қайтып, қатты қуандық. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Үш айдан соң ісік қайтадан өсе бастады. Бұл кезде менің екінші балама аяғым ауыр еді. Азапты күндер жалғасып, тағы 6 рет химиялық терапияға келісім бердік. Жұдырықтай ғана ұлымның мұндай ауыр жағдаймен қалай күресіп жатқанына таңым бар. Оның әрбір қиналған сәтін көріп, жүрегім қарс айырылады. Себебі, мұндай ауыртпалықты ересек адамның өзі әрең көтереді", - дейді Ханнұрдың анасы Аяулым Мұхаметқалиева.

Жақында отандық дәрігерлер Ханнұрдың мойнындағы ісікті алып тастады. Бірақ балақай қатерлі дерттің уысынан шыға алар емес. Енді оның мұрнынан жаңа ісік өсіп келе жатыр.

"Осыған дейін қазақстандық дәрігерлердің бақылауында болдық. Олар әрі қарай шетелде ем алуымыз керектігін айтуда. Өйткені, жергілікті мамандардың күші жетпейді. Оңтүстік Корея мамандары біздің баламызды емдеуге дайын. Бірақ ота құны өте қымбат, 38 600 АҚШ доллары қажет. Біз көпке дейін ешкімнен көмек сұрамай, өз күшімізбен баламызды құтқаруға тырыстық. Алайда онкологияның алдында қауқарсыз екенбіз. Қарапайым отбасы болғандықтан, мұндай қаражатты қалтамыз көтермейді. Ұлымызды аман алып қалу үшін барымызды саттық, жан-жағымыз да көмектесті. Енді қанша жерден қысылсақ та, халықтан көмек сұрауға мәжбүрміз. Біздің ұлымыздың үш жылда көрмегені жоқ, өтінемін, көмектесіңіздер", - дейді Аяулым.

Ханнұр Орынбасарға көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi Gold

+ 7 777 831 50 51, Аяулым М, анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1970220-otandyq-darigerler-emdeuden-bas-tartty-kegendik-otbasy-us-zasar-ulyn-qutqaru-usin-qarazat-tappai-qinaluda/

pixel