Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынасқа жиі түспеу денсаулыққа зиян ба

Жарияланған күні:

Қарым-қатынас
Жыныстық қатынасқа жиі түспеудің денсаулыққа қандай зияны бар: Pexels.com

Ғалымдар жыныстық қатынасқа жиі түсу денсаулыққа пайдалы екенін баяғыда-ақ дәлелдеп берген. Десе де ел арасында төсек қатынасына жиі түспейтін әйелдер ерте қартайса, ер адамдар көптеген ауруларға ұшырайды деген түсінік қалыптасқан. Аталған тұжырым қаншалықты рас? Бүгінгі материалда осы туралы кеңірек баяндадық.

Жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түсу керек?

Жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түсу керектігі адамның жасы мен оның денсаулығына тікелей байланысты. Мәселен ер адам жас болған сайын, ондағы тестостерон мөлшері де көп болады. Сол себепті жыныстық қатынасқа түсуге қатысты төмендегі кеңестерді назарға ұсынамыз:

  • 20-29 жас аралығында жыныстық қатынасқа күн сайын немесе екі күнде бір түсу қалыпты жағдай болып есептеледі.
  • 30–50 жас аралығында аптасына 2-3 рет төсек қатынасына түсу жеткілікті болып есептеледі.
  • 50 жастан асқан жандарға аптасына 1-2 рет жыныстық қатынасқа түсуге кеңес беріледі.

30–40 жас аралығындағы әйел адамдарға аптасына 2–4 рет жыныстық қатынасқа түсу қалыпты жағдай болып есептеледі. Ал 40–55 жас аралығындағы әйелдер аптасына 1-2 рет жолдасымен жақындаса алады.

Жыныстық қатынасқа тұрақты түрде түсудің денсаулыққа пайдалы тұстары көп: қан айналымы жақсарып, эндорфин түзіледі. Р. Моркостың айтуынша, эндорфин – ол адамға қуаныш пен бақыт сыйлайтын, мидағы химиялық түзілістер, яғни пептидтер болып табылады.

Ал жыныстық қатынасқа жиі түспесе адам денсаулығында қандай өзгерістер болады? Егер апталап немесе бір ай бойы жыныстық қатынас болмаса, онда адам ағзасында қандай да бір патологиялық өзгерістер орын алмайды. Мұндайда тек адамдардың психологиялық жағдайында өзгерістер болуы мүмкін. Жыныстық қатынас эмоциялық тонусты арттырып, түрлі жүйке қозуларының алдын алса, оның болмауы созылмалы күйзеліске алып келуі мүмкін. Өкініштісі соның салдарынан ағзадағы гормондар түзілімінде өзгерістер болуы ықтимал.

Жыныстық қатынасқа 6 айдан астам уақыт бойы түспеу әйелдердің және ерлердің денсаулығына әр түрлі әсер етеді. Төсек қатынасына түспеудің денсаулыққа пайдасы болмаса да, сексуалдық қатынастың болмауы - адам азғасына соншалықты зиян емес. Материалдың ендігі бөлімінде осы жөнінде кеңінен тарқатып жазатын боламыз.

Әйелдер үшін жыныстық қатынасқа түспеудің зияны бар ма?

әйел
Жыныстық қатынасқа жиі түспеудің денсаулыққа қандай зияны бар: Pexels.com

Егер әйел адам ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспесе, онда оның денсаулығына қандай да бір қауіп төнбейді және оның ұрпақ өрбіту қызметінде де еш өзгеріс болмайды. Гипоталамустың, гипофиздің немесе аналық бездердің жұмысына жыныстық қатынас әсер етпейді, сол себепті әйел ағзасында гормонға қатысты теңгерімсіздік байқалмайтын болады. Сонымен бірге ол уақытынан бұрын қартаймайды, себебі коллаген синтезіне (сүйек, шеміршек, теріні құрайтын ақуыз) жыныстық өмір емес, қалқанша безінің гормондары мен эстрогендер әсер етеді.

Есесіне әйел адамдар жыныстық қатынасқа тұрақты түрде түспеген жағдайда, қынап жабындысы әлсіреуі мүмкін. Жамбас бұлшықеттерінің әлсіреуі пролапсқа әкелуі мүмкін, оның салдарынан жатырдың орналасу аймағы бұзылып, ол орнынан жылжуы немесе және қынапқа түсуі мүмкін. Алайда, дәл осындай белгілер оргазм болмаған кезде және босанғаннан кейін де болып жатады. Мамандар пролапсқа әкелетін факторлардың көп екенін айтып отыр. Шерил Б. Иглесияның айтуынша, ол ең алдымен жүктілік пен вагинальді босанумен тікелей байланысты екен. Ал ол өз кезегінде жамбас бұлшықеттері мен дәнекер тінінің зақымдануына әкеп соқтыратын көрінеді.

Жыныстық қатынасқа көп түспеген жағдайда, әйелдерде гинекологиялық ауруға шалдығу қаупі төмен болады. Эндометриоз, миома, полип және т.б. аурулардың жыныстық өмірге еш қатысы жоқ.

Сонымен бірге көпшілік арасында жыныстық қатынасқа көп түспеу жамбас тамырларына зиян деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырымға да сенбеген жөн. Себебі ол тек ауыр жұмыс істегенде, көп босанғанда немесе тұқым қуалайды.

Жалпы әйел өмірінде төсек қатынасының болмауы оның эмоциялық жағдайына әсер етеді. Ондай әйелдер ашуланшақ әрі күйзеліске жиі ұшырап жатады.

Ерлердің жыныстық қатынасқа түспеуінің олардың денсаулығына әсері бар ма?

ер адам
Жыныстық қатынасқа жиі түспеудің денсаулыққа қандай зияны бар: Pexels.com

Ер адамдарда тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсу – белсенді сперматозоидтардың түзілуіне жол ашады. Сол себепті төсек қатынасына түспеу ер-азаматтардың денсаулығына зиян болуы мүмкін. Десе де мамандар ер адамдар қысқа мерзімге (2-3 апта) жыныстық қатынасқа түспеуі – денсаулықтарына пайдалы екенін айтады. Бұл уақытта ер адамның ағзасында жыныстық өмірдің жаңа кезеңге өтуіне көмектесетін тестостерон мен дофамин түзіледі.

Ұзақ уақыт бойы жақындасудың болмауы, мәселен 2-6 бойы, ер аламдарда потенция мен мерзімінен бұрынғы эякуляцияға әкелуі мүмкін. Сонымен бірге жоғарыда атап өткеніміздей, мұндай жағдайда ердердегі сперматозоид белсендігі азайып, салдарынан ұрық жасау қабілеті төмендейді.

Бұдан бөлек ағзадағы қан айналымы бұзылып, ондағы темір мөлшерінің азаяды. Ал бұл ер-азаматтарда көп кездесетін простатит ауруына әкелуі ықтимал. Тәжірибе көрсеткендей, аталған ауруды дәрі-дәрмектердің көмегімен емдеп алуға болады. Алайда кей жағдайда талшықтарда инфекция пайда болып, ол басқа да мүшелерге тарауы мүмкін.

Сол сияқты ерлердің ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түспеуі (2 жылдан астам уақыт) олардағы либидоны төмендетіп, кей жағдайда тіпті бедеулік пен импотенцияға әкелуі мүмкін. Сол себепті төсек қатынасы жиі болмаған жағдайда, эректильді қызмет жойылмауы үшін, Гей Франкенфилд ерлерге спортпен айналысуға, темеке шегуді қоюға кеңес береді.

Негізінен жыныстық қатынастық ұзақ уақыт бойы болмауы әйел адамдарға қарағанда ер-азаматтарға зиянды болып отыр. Десе де медицинада жыныстық қатынастың жиілігі туралы қатып қалған қағида жоқ. Қандай жағдай болмасын кез келген адам өз денсаулығы мен жасына қарағаны дұрыс.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық сапатта жазылды. Аталған кеңестерді тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдануға болатынын естен шығармаңыз.

Дереккөздер:

1. Cheryl B. Iglesia. Pelvic Organ Prolapse // PubMed. — 2017. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/28762694/

2. Gay Frankenfield. With Regular Exercise, You May Never Need Viagra // WebMD. — 2000. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/fitness-exercise/news/20000830/exercise-lower-erectile-disfunction-risk#1

3. R. Morcos. Endorphins 1989: neuroendocrine aspects // PubMed. — 1989. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/2556771

4. Robert Preidt. Recall: Erectile Dysfunction, Depression Drugs Mixed Up //WebMD. — 2020. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/erectile-dysfunction/news/20201210/recall-viagra-anti-depression-drugs-mixed-up

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1970244-zynystyq-qatynasqa-zii-tuspeu-densaulyqqa-ziyan-ba/