Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты

Опубликовано:

ғалым
Көрнекі фото: pixabay.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қан тамырлары патологиясы орталығының қызметкерлері артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс миокард инфарктісінен, инсульттан, трофикалық жаралардан, аяқ гангренасынан, сондай-ақ басқа да мүшелер бойынша мүгедектіктен сақтайды және өлімді азайтады.

"Біздің өнертабыстарымыз "Артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғы және әдіс" сондай-ақ "Атеросклеротикалық түйіндерді селективті ультрадыбыстық диссекция жасауға арналған құрылғы және артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіру әдісі" деп аталады.

Бұл өнертабыстар атеросклеротикалық түйіндерді түбегейлі жоюға және бірден бірнеше артерияларды тазалауға мүмкіндік береді", - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қан тамырлары патологиясы орталығының директоры Оралбай Дәрменов.

Оның сөзінше, артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар шетелде өте қымбат тұрады.

"Жыл сайын әлемде стенттер 60 млрд долларға сатылады, біз ұсынатын емдеу әдісі әлдеқайда арзанырақ болады. Біздің өнім техникалық жағынан да, құны жағынан да ұқсас аналогтардан бірнеше есе асып түседі", - дейді профессор Оралбай Дәрменов.

Қазіргі таңда мамандар артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар мен әдістерге Қазақстанның екі патентін және Еуразиялық патенттік ведомствоның екі патентін алған.

Ода бөлек ғалымдар клиникалық сынақтар мен коммерциялық өндіріске арналған құрылғылардың зертханалық және өндірістік үлгілерін жасаумен айналысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1971288-qazaqstandyq-galymdar-arteriyalyq-patologiyalardy-emdeudin-zana-adisterin-oilap-tapty/

pixel