Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі диетолог адамды тез қартайтатын танымал өнімді атады

Опубликовано:

Краб таяқшалары
Көрнекі фото: pixabay.com

Самара диеотология және диетотерапия ҰЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург краб таяқшалары адам ағзасының қартаю процесін жылдамдатады деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Вечерняя Москва басылымына сілтеме жасап.

Диетологтың сөзінше, краб таяқшалары сияқты терең қайта өңделген тағамдардың құрамында бояғыштар, дәм күшейткіштер және басқа да тағамдық қоспалар бар. Ғылыми зерттеулер бұл химиялық заттардың түрлі аурудың дамуына және ағзаның қартаюына себеп болуы мүмкін екенін көрсеткен.

"Краб таяқшалары шұжық, шұжықша және басқалары секілді терең қайта өңделген өнімдер тобына жатады. Көптеген зерттеу барысында мұндай өнімдер бізді қартайтатыны, жүрек-тамыр және онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын арттыратыны анықталды", - деді Гинзбург.

Оның сөзінше, терең қайта өңделген өнімдерді күнделікті тұтынуға болмайды. Осы ретте диетолог егер краб таяқшаларын мөлшерден тыс пайдаланбаған жағдайда оның айтарлықтай қаупі де болмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1971569-belgili-dietolog-adamdy-tez-qartaitatyn-tanymal-onimdi-atady/

pixel