Диетолог жаз мезгілінде ең пайдалы жемісті атады
Жарияланған күні:
Алма - жаз мезгіліндегі ең пайдалы жемістің бірі. Бұл туралы ресейлік диетолог Михаил Гинзбург "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Алманың құрамында көптеген пайдалы заттар бар: атап айтқанда, кверцетин. Бұл - атеросклероздан қорғайтын, тамыр қабырғаларының жағдайын жақсартатын және жалпы өмір сүру ұзақтығын арттыратын биоактивті зат", - дейді маман.
Гинзбургтің сөзінше, күніне кемінде екі-үш алма жеген жөн.
Сонымен қатар ол алмұрттың қандай пайдасы бар екенін жеткізді.
"Алмұрт күнде жеуге тұрарлық жеміс. Оны алмамен бірге тұтынуға немесе алманың орнына тұтынуға болады. Аталған жемістердің пайдасы көп. Олардың артықшылығы тағамдық талшықтардың көп болуында", - деді диетолог.
Гинсбург "қара өрік те пайдалы" деген пікірде. Оның сөзінше, қара өрік ішектің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1971945-dietolog-zaz-mezgilinde-en-paidaly-zemisti-atady/