Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұрнынан қан тоқтамайды": Өте сирек дертке шалдыққан алматылық үш жасар баланың жағдайы қиындай түсті

Жарияланған күні:

Үш жасар балақай сирек кездесетін дертке ұшырады
Ильшат Абдухелилов. Фото: жеке мұрағат

Алматы қаласының үш жасар тұрғыны Ильшат Абдухелилов бес айлығынан бері аурухана төсегіне таңылып, ауыр оталарды бастан кешіруде. Бұған сәбидің қанындағы тромбоцит көлемінің төмендеуі себеп болған. Дәрігерлер Ильшатқа өте сирек кездесетін Вискотт Олдрич синдромы диагнозын қойып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кішкентай Ильшаттың денесіне жара қаптағаны оның ата-анасын алаңдатып, нәтижесінде олар сәбиді тексеруден өткізе бастайды. Өкініштісі сол, дәрігерлер балақайға үш рет қате диагноз қойған.

"Ұлым бес айлығынан бастап ауырды. Сол кезде дәрігерлер диагнозын дұрыс таба алмай, басқа көрсеткіштер бойынша емдеген. Алты ай аурухунада жатып, 15 рет химиотерапия алдық. Бірақ баланың қанындағы тромбоцит көлемі сол күйі төмен еді. Отандық дәрігерлерден көмек болмағасын біз өз қаражатымызды жинап, Мәскеудегі зертханаға биоматериал жібердік. Нәтижесі жақсы емес, дәрігерлер ұлыма Вискотт Олдрич синдромын қойды. Бұған дейін аталған дерт Қазақстандағы екі балада тіркелген екен. Ильшат үшіншісі болып қатарына қосылды", - сәбидің анасы Гүлбанум Батырова.

Вискотт Олдрич синдромы – иммунологиялық қауіпті аурулардың бірі. Бұл дерттің басты белгісі – баланың денесіне экземалық жара қаптап, қан кете бастайды.

"Ильшаттың қанында тромбоцит өте төмен. Гемоглобині де аз. Соның салдарынан үнемі мұрнынан қан кетеді. Ал ішіне қан кетсе жағдай одан әрі нашарлайды. Сондықтан, ұлым далаға да шықпайды, балабақшаға да бармайды. Тек әр ай сайын ауруханада жатамыз. Қазір Германиядағы отаға дайындалып жатырмыз.

Ота құны өте қымбат. Бізге қажетті соманы жинау үшін 140 мың еуро жетпей тұр. Егер ота жасалмаса, Ильшаттың қатарға қосылуы қиындай түседі. Күн сайын ұлымның өмірі қыл үстінде тұрғандай күй кешемін. Біздің де бақытты балалар секілді ойнап-күлуімізге, алаңсыз өмір сүруімізге көмектесіңіздерші", - дейді Ильшаттың анасы.

Ильшат Абдухелиловке көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi Gold номері: +7 778 956 3743, Гулбанум Батырова, анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1973477-murnynan-qan-toqtamaidy-ote-sirek-kezdesetin-dertke-usyragan-almatylyq-us-zasar-balanyn-zagdaiy-qiyndai-tusti/