Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектепке барғым келеді": Ұлының еміне 50 миллион теңге қажет ана көпшіліктен жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

көпшіліктен көмек сұрайды
Видеодан кадр: Youtube/Almaty.tv

Алматы қаласының тұрғыны Алима Дүйсенбиева 6 жасар науқас баласы үшін көпшіліктен көмек сұрауда. Бүлдіршіннің еміне 50 миллион теңге қажет, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Алима Дүйсенбиеваның сөзінше, ұлына ақ қан диагнозы қойылған.

"Қыркүйек айынан бастап баламның құлағы ауырып, мұрыны бітеліп, мойнынан бездер байқадым. Содан кейін нақты диагнозы анықталды. Қанша ай болды, қарқынды түрде емделіп жатырмыз. Бірақ беті бері қайтқанымен, жілік майын ауыстырмай жасалған ем дұрыс болмайды", - дейді Алима Дүйсенбиева.

Ал ұлының жілік майын ауыстыру үшін таяуда Түркиядан донор табылған, алайда ота жасатуға ақша қолбайлау болып отыр дейді Алима Дүйсенбиева. Айтуынша, отаға 50 миллион теңге қажет.

"Барлық қазақстандықтан, аға-әпкелерімізден көмек сұраймыз. Бала жазылып кетсе екен деймін. Қолдауыңызға, көмегіңізге мұқтажбыз", - дейді Алима Дүйсенбиева.

Анасы қазір да науқас ұлына ерекше күтім керек екенін атап өтті. Себебі алты жасар ұлы бұған дейін бірнеше рет химиотерапия алған. Ол бала ағзасына өте ауыр тиген көрінеді.

Алима Дүйсенбиева жалғыз үміті күрделі отада екенін жасырмады.

"Арманым тезірек мектепке барып, білім алсам деймін. Бауырларымның ортасында болғым келеді", - дейді кішкентай Саят Есенбек.

Ата-анасы баласының сырқат жайлы білген күннен бастап, түрлі қорлар мен қайырымдылық топтарға жағдайын айтып жүгінген. Жомарт жандардың арқасында бүгінге дейін 7 миллион теңге жиналған.

Десе де баланың емі үшін олар бұл қаржы жеткіліксіз болып тұрғанын айтады. Сол үшін де ерлі-зайыптылар көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр екенін жеткізді. Саят Есенбекке көмек қолын созам деген жандар төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласса алады.

KASPI GOLD - 8 747 581 80 23 (Алими Дүйсенбиева)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1973976-mektepke-bargym-keledi-ulynyn-emine-50-million-tenge-qazet-ana-kopsilikten-zanusyra-komek-surauda/

pixel