Пульмонолог-дәрігер хош иіс денсаулыққа қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Хош иістендіргіштер мен эфир майлары адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында пульмонолог-дәрігер Сергей Пурясев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Пурясевтің сөзінше, кеңсеге арналған хош иіс беретін құралдар мен парфюмериялық заттар күшті аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Ал тыныс жолдары ауруына шалдыққан адам үшін бұл заттар аса қауіпті дейді ол.
"Хош иіс беретін әр түрлі заттардың әсерінен бронх демікпесімен ауыратын адамдардың тыныс жолы бітеліп, тіпті Квинке ісігі пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ хош иістендіргіштердің әсерінен бронх қабынып, ісініп, ринит пайда болуы да ғажап емес. Мұндай заттардың әсерінен туындайтын аллергиялық реакцияның түрі өте көп. Олардың қатарында конъюнктивит де, дерматит те, бөртпе де бар. Кір жауатын ұнтақтың құрамында да аллергия тудыратын хош иіс беретін заттар бар. Тағамға қосылатын хош иістендіргіштер де аллергия тудырады. Мұны асқорыту жолының бұзылуынан байқауға болады", - дейді Сергей Пурясев.
Дәрігердің айтуынша, жасанды хош иістендіргіштер ғана емес кейбір өсімдіктердің өткір исі де адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
"Орманда қазанақ гүлдеген кезде, тіпті жыландардың өзі саз батпақтан шықпайды. Себебі, ол улы аттар бөледі. Адамның өзі бұл кезде орманда жүрсе, жүрісі баяулап, бағытынан жаңылысып, адаса бастайды. Сонымен қатар гүлдеген кезде кейбір үй өсімдіктері де улы заттар бөледі", - дейді Сергей Пурясев.
Одан бөлек пульмонолог-дәрігер қазіргі таңда гүл шоғын да химиялық препараттармен өңдейтінін, сондықтан оларды үйге немесе ауруханаға алып келмеуге тырысу керектігін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1974095-pulmonolog-dariger-xos-iis-densaulyqqa-qandai-qauip-tondirui-mumkin-ekenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.