jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қабырғасына жайылып барады": Ауыр дертке шалдыққан 28 жастағы өскемендік жігіттің әпкесі жанұшыра көмек сұрады

    Өскемендік жігіт ауыр дертке ұшырады
    Ерқанат Дүсіпбаев. Фото: жеке мұрағат

    Өскемен қаласының 28 жастағы тұрғыны Ерқанат Дүсіпбаев күтпеген жерден ауыр дертке шалдықты. Алғашында пневмониямен ауырған жігітке дәрігерлер кейін туберкулез диагнозын қойған. Бірақ мұның бәрі расталмай, ең соңында Ерқанаттың өкпе рагына шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерқанат біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатқан қарапайым тұрғындардың бірі. Кенеттен келген ауыр дерт оның өмірін күрт өзгертіп жіберді. Бұл туралы оның әпкесі Жанна баяндады.

    "Бауырым әлі отбасын құрған жоқ. 28 жаста. Аяқ астынан ауыр дертке ұшырағаны қабырғамызды қайыстырып отыр. Дәрігерлер оған түрлі диагноз қойды. Бірақ соңында өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққаны расталды. Қазір бәріміз Ерқанатты құтқаруға талпынып жатырмыз. Алайда ауру өте жылдам өрбуде, ал ота құны өте қымбат. Метостаз аз уақыттың ішінде миға, бүйрекке, қабырғаға жайылып кетті", - дейді Жанна Дүсіпбай.

    Жақында Ерқанатты бауырлары Түркияға алып барды. Бірақ ол жақтың дәрігерлері ота жасаудан бас тартып, биопсияны Америкаға жіберді.

    "Ерқанатты қазір Нұр-Сұлтанға алып келдік. Биопсия қорытындысын екі апта күту керек. Сондықтан Түркияда бос уақыт өткізбей, елге оралдық. Қазір бауырым саумал ішуде, оның да шипасы тиіп қалар деген үмітіміз бар. Отбасымызға аяқ астынан келген дерт бізді аласапыран күйге түсірді. Ота жасау үшін үлкен қаражат керек. Барша мейірімді жандардан жұмада көмек сұраймыз", - деді Ерқанаттың әпкесі.

    Ерқанат Дүсіпбаевқа көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

    Kaspi: 7 701 399 4936

    Карта номері: 4400 4301 1650 0833

    KZ80722C000025718461

    БИК CASPKZKA

    Батырбалинова Гүлназ Советкановна

    "Қабырғасына жайылып барады": Ауыр дертке шалдыққан 28 жастағы өскемендік жігіттің әпкесі жанұшыра көмек сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.