"Ұл немесе қыз екенін анықтау мүмкін болмады": Ресейде жынысы белгісіз нәресте дүниеге келген

Опубликовано:

сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Новосібір облысында жынысы белгісіз нәресте дүниеге келген. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары бұл ақпаратты растап отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі sib.fm сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, жынысы белгісіз сәби 2018 жылы дүниеге келген. Бұл ақпаратты басылымға облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлаған.

Олардың айтуынша, бұл сирек кездесетін құбылыс. Соңғы рет осыған ұқсас жағдай облыста 2002 жылы тіркелген.

"Несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақауы бар балаларды мамандар медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша анықтай алады, ал бұл баланың жынысын жыныстық хромосомаларында өзгеріс болуына байланысты және ұл немесе қыз баланың белгілері болмауына байланысты анықтау мүмкін болмады.

Сонымен қатар баланың кариотипін зерттеу нәтижесінде тіндік мозаицизм анықталды", - дейді Новосібір денсаулық сақтау басқарамысының мамандары.

Басылымның хабарлауынша, дәрігерлер өңірде осы уақыта дейін жынысы белгісіз қанша бала дүниеге келгенін нақтыламаған. Десе де 2018 жылы дүниеге келген баланың үнемі педиатрлардың бақылауында екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1976600-ul-nemese-qyz-ekenin-anyqtau-mumkin-bolmady-reseide-zynysy-belgisiz-nareste-duniege-kelgen/

jitsu gif