"Бес күн ішінде ақша табу керек": Стамбул ауруханасында жатқан кішкентай Еркебұланның өмірі қыл үстінде тұр

Опубликовано:

Кішкентай Еркебұланға қатерлі ісік диагнозы қойылды
Еркебұлан Ілиясұлы: жеке мұрағат

Жетісу облысының кішкентай тұрғыны Еркебұлан Ілиясұлы әлі екі жасқа толған жоқ. Бірақ осы аралықта екі ауыр отаны бастап өткеріп, радиотерапияның 33 курсын алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркебұланның жамбасында туабітті дөңес бар болатын. Үш жарым айында екпе алған соң бұл дөңес одан әрі өсе берді. Ең бірінші болып баланы қараған хирург мұны киста деп болжайды. Ал кейінгі дәрігер бір қауіп барын сезгендей, сәбиді анасымен бірге Талдықорғандағы ауруханаға жібереді.

2021 жылдың сәуірінде жоспарлы ота жасалып, кейін балаға ауыр диагноз қойылды. Еркебұланның қатерлі дертке шалдыққаны анықталды. Дәрігерлер сегізкөз бен құйымшақ аймағынан қатерлі ісік тапты. Қазір сәбиге аралас түрдегі германогенді ісік диагнозы қойылған.

Қазақстанда он ай бойы емделген сәбидің жағдайы жақсармай тұр. Ата-анасы ұлының дертіне шипа іздеп, бар дүние-мүлкін сатып, Стамбулдағы Аджебадем емханасына аттанды.

Түркия ауруханасында өткен бес айдың ішінде кішкентай Еркебұланға өте ауыр екі ота жасалды. Сондай-ақ радиотерапияның 33 курсы берілді. Алайда балақай толық емделіп кетуі үшін бұл жеткіліксіз. Оған әлі үздіксіз емделіп, алты курс химиотерапия алу қажет.

Өкінішке қарай, Еркебұланның емін жалғастыру үшін ата-анасында мүлде ақша қалмады. Сататын дүние-мүлік те жоқ. Қазіргі таңда олардың емхана алдындағы қарызы 11 миллион теңгеге жетті. Егер алдағы бес күннің ішінде аталған қаражатты төлемесе, балақайдың емі тоқтап қалады.

"Біздің ұлымызды құтқару үшін сіздерден көмек сұраймыз. Ең қымбатты жанымыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бірақ қарапайым отбасымызға мұншалықты көп қаражатты табу қиынға соғуда. Сіздердің көмектеріңізге мұқтажбыз", - дейді Еркебұланның анасы.

Реквизиттер: ⠀

Kaspi bank: +7 702 993 19 95

4400 4301 6334 3020

Қарлығаш (анасы)

Halyk bank: +7 702 993 19 95

4405 6397 5262 8782

Қарлығаш (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1976990-bes-kun-isinde-aqsa-tabu-kerek-stambul-auruxanasynda-zatqan-kiskentai-erkebulannyn-tagdyry-qyl-ustinde-tur/

jitsu gif