Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай алып болады деп ойламадық": Қарағандыда салмағы бес келіден асатын қыз бала өмірге келді

Опубликовано:

Қарағандыда салмағы бес келіден асатын қыз бала дүниеге келді
Салмағы бес келіде асатын нәресте. Скриншот: instagram.com/zdravkrg

Қарағандыдағы №1 перинаталдық орталықта салмағы 5288 грамм қыз бала өмірге келді. Бұл отбасындағы төртінші перзент, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зарина Ивакина төртінші сәбиін табиғи босану жолымен өмірге әкелді. Бұған дейін ол үш ұлдың анасы атанған.

Дәрігерлер құрсақтағы сәбидің салмағы үлкен боларын болжағанымен, нәрестенің бес келіден асып туғаны бәрін таң қалдырып отыр.

"УДЗ мәліметтері бойынша болжамды салмақ - 4100 грамм еді. Нәресте дүниеге келгенде оның салмағы 5288 грамды көрсетті. Мұндай алып болады деп ойламадық", - дейді акушер-гинеколон Мария Терещенко.

Қазір ана мен бала өзін жақсы сезінуде. Ата-анасы қыз балаға Кәусер есімін берген. Тағы бір қызығы, нәресте әжесінің туған күнінде дүниеге келді. Кішкентай Кәусарды үйде 16, 11 және 5 жастағы үш үлкен ағасы асыға күтіп отыр.

2022 жылдың 6 айында №1 перинаталдық орталықта салмағы 4 келіден асатын 142 сәби дүниеге келді.

"Біз салмағы 4 келі және одан да көп балаларды ірі деп есептемейміз. Салмағы 5 келі және одан да көп балалар алып бала деп саналады. Біздің перзентханада қыздарға қарағанда ірі ұлдар көбірек туылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, ай сайын туған балалардың бір пайызға жуығы ірілер қатарына жатады" - деп толықтырды №1 перинаталдық орталықтың басшысы Жанар Жарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1978112-mundai-alyp-bolady-dep-oilamadyq-qaragandyda-salmagy-bes-keliden-asatyn-qyz-bala-omirge-keldi/

pixel