Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңертең ұйқыдан қалай сергек оянуға болады

Опубликовано:

Таңертең сергек оянудың сыры
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Дәрігер Татьяна Григорьева таңертең қалай жеңіл әрі сергек оянуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Таңертең ұйқыдан ерте немесе кеш оянуыңыздың сыры сіздің балалық шақта жатыр. Ол дүниеге келген кезіңізбен байланысты. Ол біздің еркімізден тыс жүретін факторларға байланысты, сондықтан адамдар өзіндегі хронотипті өзгерте алмайды дейді маман.

Бірақ таңғы ұйқыдан сергек оянудың да жолдары жоқ емес.

Дәрігердің айтуынша, адам ең алдымен ерте тұру үшін дұрыс мотивация табуы керек. Сапалы ұйқы – күні бойы сергек әрі белсенді жүрудің кепілі болатынын ұмытпаған жөн.

Сарапшы сондай-ақ ерте ояну үшін тезірек ұйықтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол ұйықтар алдында 15 минут бойы бөлмені желдетуге, кешкі ас кезінде жеңіл тағамдарға басымдық беруге, күні бойы физикалық тұрғыдан белсенді болуға кеңес берді.

Оянғаннан кейін бір стақан жылы су ішіп, перделерді ашу қажет. Ұйқыдан оятуға арналған қоңырау ойнағаннан кейін төсекте жата беру сергектікке кері әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979212-tanerten-uiqydan-qalai-sergek-oyanuga-bolady/

pixel