Алматылық оқушы қыз 100 мың адамда бір кездесетін ауыр дертке шалдықты
Жарияланған күні:
Тұздыбастау ауылында тұратын Анель Иманбаева биыл 11-сыныпқа аяқ басады. Ол өзге сыныптастары секілді ҰБТ-ға дайындықты ойлап, мектеп бітіру кешіне киетін көйлегін таңдап жатқан жоқ. Қаршадай қыз ақпан айынан бері денсаулығындағы ақаумен арпалысуда. Дәрігерлер оған ешкімде кездеспейтін ауыр диагноз қойып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Анель сабақты жақсы оқитын, ата-анасының қолғанатына айналған тәртіпті қыз. Мұғалімдер де оның болашағына үмітпен қарап отыр. Бірақ ақпан айында көзі қарауытып, есінен танып қалғаны оның отбасына оңай тимеді. Анельдің аяқ астынан есін жоғалтқаны көпшілікті алаңдатып, бұл қорқыныштың бекер болмағаны дәлелденді.
"Сабақта қызымның құлап қалғанын естіп, дереу дәрігерге апардым. Алғашында қызымда қандай ақау бар екенін дұрыс анықтай алмады. Кейін құжаттарымызды жан-жаққа, білікті дәрігерлер мен жоғары деңгейлі емханаларға жібердік. Қызымыз аяғына тік тұрады деп үміттеніп отырғанда, ешкім естімеген, елде жоқ диагнозға тап болдық.
Дәрігерлер Анельге "мишықтағы бадамша без эктопиясы", "Арнольд Киари ауытқушылығы" диагнозын қойып отыр. Мұндай ауру 100 мың адамда бір кездеседі екен. Яғни мишықтағы бездер төмен қарай түсіп, жұлынның жұмысына кедергі келтіреді. Одан бөлек, мойын омыртқасы да қақсап ауырады", - дейді Анельдің анасы Нәзила Тілеулиева.
Анасының айтуынша, Анельдің үнемі басы ауырады. Бұған ешқандай дәрі көмектеспей отыр. Ал ота құны қымбат. Одан бөлек, Анельді тексерген түркиялық дәрігер оның мойын омыртқасында ісік барын растап отыр.
"Бір аурудың үстіне бір ауру жамалып жатыр. Түркиялық дәрігерлер мойнында ісік барын айтуда. Тез арада емдемесек, қызымның жағдайы күн сайын нашарлап барады. Үйімізді сатуға қойдық, өтпей жатыр. Халықтан көмек сұрауға ұяламыз, бірақ бой жетіп қалған қызымызды құтқару үшін басқа амал болмай тұр. Қайырымды адамдардан қасиетті жұмада көмек сұраймыз", - дейді Анельдің анасы.
Анель Иманбаеваға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:
Kaspi Gold:
Тел: 8-705-178-95-50 4400 4301 9001 6227 Nazila Tleuliyeva (Анельдің анасы)
Халық банк
4405 6398 0776 5191 Tumarbek Dauytkhanov (Анельдің әкесі)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1980795-almatylyq-oqusy-qyz-100-myn-adamda-bir-kezdesetin-auyr-dertke-saldyqty/