Қазақстанға жалған дәрі-дәрмектер әкелінгені анықталды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанға жалған дәрі-дәрмек әкелу фактілерінің бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ғиният Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың заңсыз айналымын бақылау аясында үнемі мониторинг жүргізіп отыратынын хабарлады.
"Соңғы екі жылда осындай 700-ге жуық заңбұзушылық тіркелді. Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқаны үшін 80 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Биыл сондай екі жағдай тіркеліп, екі қылмыстық іс қозғалған болатын, олар әлі тексерілуде", – деп қосты ол.
Министрдің айтуынша, мұндай дәрі-дәрмектерді сатып алғаны жөнінде азаматтардан шағым түспеген.
"Біз медициналық ұйымдарға түскен науқастардың барлық өтінішін, яғни "сары карталарды" қадағалаймыз. Онда заңға сәйкес мұндай дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігі толық тексеріледі", – деп түйіндеді министрлік басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1981793-qazaqstanga-zalgan-dari-darmekter-akelingeni-anyqtaldy/