Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Аталған сұраққа жауап беру үшін бірнеше айғақтарды біліп, осы тақырып төңірегіндегі аңыздарға сенуге болмайды. KAZ.NUR.KZ зерттеулерге сүйеніп, аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсудің артықшылықтары

Етеккір келгенде жыныстық қатынасқа түсуге мүлдем болмайды деген жалған пікір. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар әйел адамға етеккір келген уақытта жыныстық қатынасқа түсуге психологиялық тұрғыдан бас тартып жатады. Егер қос тарапқа да бұл жағдай қандай да бір қиындық тудырмаса, оларға жыныстық қатынасқа түсуге дәрігерлер үзілді-кезілді тыйым салмайды. Мамандар керісінше аталған уақытта жыныстық қатынасқа түсудің өз артықшылықтары бар екенін алға тартады. Соларға қысқаша тоқталып өтсек:

1. Жатырды ылғалдандыратын сұйықтықтың көп бөлінуі. Әйел адамға етеккір келген кезде, жатырды ылғалдандыратын арнайы сұйықтық жай күндегіден әлдеқайда көп бөлінеді. Мұндай сұйықтық төсек қатынасының барынша "жұмсақ" әрі ауырсынуларсыз өтуіне мүмкіндік береді.

2. Жыныстық қатынастан ляззат алу мүмкіндігінің артуы. Етеккір келер шақта әйел адамның жыныс мүшелерінің сезімталдығы артады, себебі ағзада гормоналдық өзгерістер орын алады. Салдарынан төсек қатынасынан әйел адам көбірек ляззат алатын болады.

3. Етеккір келу мерзімінің азаюы. Әйел адам жыныстық қатынасқа түскен сәтте, ляззатқа бөленгенде, оның жатырында өзгерістер болады. Сол себепті етеккір сұйықтығы сыртқа жылдамырақ шығып, оның келу уақыты 1-2 күнге қысқаруы мүмкін.

4. Ауырсынулардың азаюы. Етеккір кезінде жақын қатынасқа түсу, денегеді ауырсынуларды азайтуы мүмкін. Дәрігер Р. Моркостың айтуынша, бұл адамның бас миы бөліп шығаратын эндорфин — нейромедиаторларға тікелей байланысты екен.

қарым-қатынас
Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма: pixabay.com

Етеккір уақытында жыныстық қатынасқа түсудің зияны

Жалпы етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсудің денсаулыққа еш зияны жоқ, алайда кемшіліктері де бар. Төменде осы жайында айтатын боламыз.

1. Инфекцияларды жұқтыру және суық тигізу қаупі артады. Бұл ең алдымен жатыр мойнының ашық болуы және оның жабындысына зақым келумен тікелей байланысты. Мұндай жағдайда жыныстық қатынасқа түскен сәтте, міндетті түрде инфекция жұқтырады деп айту қате түсінік, десе де ауру жұқтыру қаупі көп екенін естен шығармаған абзал.

2. Жоспарланбаған жүктілік. Көптеген әйелдер дәл осындай күндері жүкті болу мүмкіндігі аз болады деп, төсек қатынасына түсуі мүмкін. Алайда әйелдердің етеккір кезінде сәби көтерген жағдайлары да аз емес. Яғни, етеккір кезіндегі овуляция ерте басталып, ер адамның ұрығы 5 күнге дейін өмір сүретінін ескерсек, әйел адамның жүкті болу жағдайын жоққа шығару мүмкін емес.

3. Жатырда қанның қалып қоюы. Кей жағдайда етеккір кезінде қан көп беліп, ол керісінше жатырға енуі мүмкін. Паоло Верчеллинидің айтуынша, эндометрия қалдықтары жатырға еніп қана қоймай, кей жағдайда тіпті созылмалы суық тию қаупін де төндіруі ықтимал.

Етеккір кезінде жақындасудың тағы бір жағымсыз факторларының бірі ер адам мен әйел адамның арасында ыңғайсыздықтың тудыруы болып табылады. Кейбір әйел адамдар осы күндерде жыныстық қатынасқа түсуге ұялып жатса, ерлер жиіркенуі де мүмкін.

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа қалай түсу керек?

Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсетін ерлі-зайыптыларға мамандар келесідегідей кеңестер айтады:

1. Қорғану құралдарын қолданыңыз. WebMD басылымы ұсынған мәліметке сәйкес, жыныстық қатынас кезінде инфекция жұқтыру қаупін азайту үшін, ер әйел мен әйелдерге мүшеқап қолдануға кеңес береді. Сонымен бірге аталған басылым әйелдер мүшеқабын қолдануға кеңес береді. Аталған құрал жатыр мойнын жауып, оның ауру жұқтыру қаупін төмендетеді.

2. Төсек жабындысын ластаудан қорыңсаңыз, мамандар орамал төсеп қоюға кеңес береді немесе төсектің орнына басқа жерді пайдаланған абзал дейді.

3. Етеккір кезінде жаныстық қатынасқа түсетін жандарға жақын жерге сулы салфеткаларды қойып қоюға кеңес беріледі.

4. Етеккір уақытында төсек қатынасына түсудің түрлі тәсілдерін қолданып көріңіз. Яғни екі тарапқа да ыңғайлы тәсілді қолданған абзал.

Етеккір жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салмайды. Бұл уақытта керісінше ерлі-зайыптылар төсек ляззатын көптеп сезіне алады. Алайда барлық қауіпсіздік шаралары жайлы да ұмытпау керек. Бұл әсіресе жоспарсыз жүктіліктен сақтап, жыныс мүшелерінің инфекциялық ауруларының алдын алады.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Аталған кеңестерді тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдануға болатынын ұмытпаңыз!

Дереккөздер:

  1. Female Condom. Medical Dictionary. //WebMD. — Қолжетімділік режимі: https://teens.webmd.com/girls/all-about-menstruation
  2. Paolo Vercellini. Endometriosis: pathogenesis and treatment // PubMed. — 2014. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/24366116/
  3. R. Morcos. Endorphins 1989: neuroendocrine aspects // PubMed. — 1989. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/2556771/ Renee A. Alli.
  4. All About Menstruation // WebMD. — 2021. — Қолжетімділік режимі:: https://teens.webmd.com/girls/all-about-menstruation

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1983445-etekkir-kezinde-zynystyq-qatynasqa-tusuge-bola-ma/

pixel