Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 478-ге дейін азайды

Опубликовано:

Алматы көшесіндегі ер адам
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 478-ге дейін азайып отыр, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

21 тамызда коронавирус анықталған 478 адамның:

  • 95-і Нұр-Сұлтан қаласынан;
  • 52-і Алматы қаласынан;
  • 59-ы Ақмола облысынан;
  • 16-ы Ақтөбе облысынан;
  • 2-еуі Алматы облысынан;
  • 3-еуі Жетісу облысынан;
  • 19-ы Атырау облысынан;
  • 3-еуі Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 4-еуі Абай облысынан;
  • 3-еуі Жамбыл облысынан;
  • 35-і Батыс Қазақстан облысынан;
  • 83-і Қарағанды облысынан;
  • 45-і Қостанай облысынан;
  • 3-еуі Қызылорда облысынан;
  • 21-і Маңғыстау облысынан
  • 17-і Павлодар облысынан;
  • 13-і Солтүстік Қазақстан облысынан;
  • 5-еуі Түркістан облысынан.

Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 384 027-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 917 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1984170-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-478-ge-deiin-azaidy/

pixel