Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер ағзадағы майдың қай түрі денсаулыққа пайдалы екенін атады

Опубликовано:

Дәрігерлер ағзадағы майдың қай түрі денсаулыққа пайдалы екенін атады
Дәрігерлер ағзадағы майдың қай түрі денсаулыққа пайдалы екенін атады : pixabay.com

Белгілі дәрігер адам ағзасындағы майлардың айырмашылығы мен олардың шамадан тыс мөлшері адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Ресейге сілтеме жасап хабарлайды.

Адам ағзасындағы май талшықтарын мамандар қоңыр және ақ май деп екі түрге бөледі. Майдың алғашқысы ағзадағы зат алмасу процесіне белсене қатысса, екіншісі – артық салмағы бар жандарда көп кездеседі. Дәрігерлердің сөзінше, олардың адам ағзасындағы көлемі адамның жасы мен өмір сүру салтына тікелей байланысты екен.

"Адам ағзасында ақ май шамадан тыс көп болған уақытта май талшықтарына суық тиюуі мүмкін. Сол себепті ол тиісті температурада өз көлеміне сай бойға таралмайды, салдарынан адам денсаулығында айтарлықтай кінәраттар пайда болуы мүмкін. Мәселен, осы процестің нәтижесінде инсультті резиденттілік, диабеттің алғашқы белгілері, гипертониялық ауру, бауырдың ішімдіксіз майлы ауруы және т.б. дамиды.

Осылайша мұның барлығы метаболитті апаттарға, жүрек-қантамырлары, онкологиялық ауруларға әкеп соқтырады", - дейді ММУ клиникасының дәрігер эндокринологы, медицина ғылымдарының кандидаты Зухра Павлова.

Сонымен бірге, оның айтуынша, қоңыр май ағзада шамадан артық мөлшерде жиналмайды екен. Оның ағзаға тигізер пайдасы май талшықтарына суық тиюдің алдын алатын майлы қышқылдарды бөліп шығаратын көрінеді. Яғни ол энергия беретін, май қышқылдарының жиынтығы болып табылады.

"Майдың бұл түрі ағзадағы майға қажет темпераратураны бөліп қана қоймай, адамға энергия да беретін май. Егер оның көлемі ағзада аз болса және ол адамға генетикалық жолмен берілген болса, онда адамдар артық салмақ жинауға, диабетпен сырқаттануға және денсаулықтағы басқа да қиындықтармен бетпе-бет келуге бейім болып келеді ", - деп түсіндірді дәрігер Павлова.

Маманның сөзінше, қоңыр май суық жерлерде өмір сүретін адамдарда көп болып, ал керісінше жылы жақта өмір сүретін жандардың ағзасында аз болады екен. Сондай-ақ майдың бұл түрі спортшыларда да көп кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1984284-darigerler-agzadagy-maidyn-qai-turi-densaulyqqa-paidaly-ekenin-atady/

pixel