Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 547-ге дейін азайды
Опубликовано:

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 547-ге дейін азайды, деп хабарлайды елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
27 тамызда коронавирус анықталған 547 адамның:
- 83-і Нұр-Сұлтан қаласынан,
- 51-і Алматы қаласынан,
- 1-еуі Шымкент қаласынан,
- 69-ы Ақмола облысынан,
- 15-і Ақтөбе облысынан,
- 4-еуі Алматы облысынан,
- 1-еуі Жетісу облысынан,
- 19-ы Атырау облысынан,
- 12-і Шығыс Қазақстан облысынан,
- 10-ы Абай облысынан,
- 6-ауы Жамбыл облысынан,
- 43-і Батыс Қазақстан облысынан,
- 73-і Қарағанды облысынан,
- 5-еуі Ұлытау облысынан,
- 59-ы Қостанай облысынан,
- 3-еуі Қызылорда облысынан,
- 22-і Маңғыстау облысынан,
- 33-і Павлодар облысынан,
- 36-ы Солтүстік Қазақстан облысынан,
- 2-еуі Түркістан облысынан.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 387 576 жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 1163 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1985250-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-547-ge-deiin-azaidy/