Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

Коронвирусқа тест тапсыратын орталық
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 431 адам тіркелген, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

1 қыркүйекте коронавирус анықталған 431 адамның:

  • 34-і Алматы қаласынан;
  • 3-еуі Шымкент қаласынан;
  • 53-і Ақмола облысынан;
  • 17-і Ақтөбе облысынан;
  • 4-еуі Алматы облысынан;
  • 7-еуі Жетісу облысынан;
  • 11-і Атырау облысынан;
  • 9-ы Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 3-еуі Абай облысынан;
  • 13-і Жамбыл облысынан;
  • 44-і Батыс Қазақстан облысынан;
  • 46-ы Қарағанды облысынан;
  • 2-еуі Ұлытау облысынан;
  • 41-і Қостанай облысынан;
  • 13-і Маңғыстау облысынан;
  • 27-і Павлодар облысынан;
  • 36-ы Солтүстік Қазақстан облысынан;
  • 2-еуі Түркістан облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 389 120 жетіп отыр.

Айта кетейік, 31 тамызда елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 210-ға дейін азайған еді. Ал 30 тамызда 230 адамнан COVID-19 анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1985830-elimizde-otken-taulikte-tagy-431-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel