Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесін 6 мың долларға үлкейткен ару жүктілік кезінде бұл ісіне өкініп қалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Фото: pexels.com

Америкалық Джоди Дифранко есімді бойжеткен бала кезінен үлкен кеудені армандаған. Арманы орындалмаған ару хирургиялық жолмен кеудесін үлкейткен. Бірақ бала көтерген соң бұл ісіне қатты өкінген, деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кливленд тұрғынының айтуынша, анасы сымбатты әйел болған. Алайда бойжеткен өзін тым арық сезініп, үлкен кеудені армандаған.

Алайда анасы бірде кеудесінің жасанды екенін айтады. Осыдан кейін Джоди Дифранко пластикалық хирургияға жүгініп, 6 мың долларға кеуде жасатып алады.

"Мен сауық орындарына кіргенде, барлығы менің кеудеме қарап тұрғандай сезімде болатынмын. Құрбыларымның бәрі ең әдемі кеуде менде екенін айтатын. Осылайша мен біраз уақыт сенімсіздіктен құтылдым", - дейді ару.

Бірақ Джодидің қуанышы ұзаққа бармаған. Ол бала көтерген кезде кеудесінің өзіне кедергі келтіре бастағанын сезген. Үнемі бас ауруы мен мастит мазалап, мойын омыртқаларындағы ауырлықты сезінген. Сонымен қатар америкалық ару төсекке деген құштарлығының азайып кеткенін мәлім етті.

"Мен осыдан кейін кеудемдегі импланттан құтылудың амалын іздедім. Бірақ ол қымбатқа түсті", - дейді.

Джоди кеудесіндегі имплантты 8 мың АҚШ долларына қайта алдырған.

"Нәтижесінде мен өзімді мазалаған аурулардан құтылдым", - деп қуанды ол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1987267-keudesin-6-myn-dollarga-ulkeitken-aru-zuktilik-kezinde-bul-isine-okinip-qaldy/

pixel