Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 49-ға дейін азайды

Опубликовано:

дәрігерлер11
Медицина қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 49 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Telegram-каналында.

18 қыркүйекте коронавирус жұқтырған 49 адамның:

  • 19-ы Астана қаласынан;
  • 11-і Алматы қаласынан;
  • 3-еуі Ақмола облысынан;
  • 1-еуі Жетісу облысынан;
  • 7-еуі Қарағанды облысынан;
  • 4-еуі Қостанай облысынан;
  • 2-еуі Павлодар облысынан;
  • 1-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан;
  • 1-еуі Түркістан облысынан.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 554 жетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлметінше, 18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, қазір республика бойынша 13 916 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.

Оның ішінде 214 пациент стационарда, 13 702 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

9 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1988417-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-49-ga-deiin-azaidy/

pixel