Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Опубликовано:

Дәрігерлер COVID-19-ға қарсы тесттен соң қолдарын тазартуда
COVID-19-ға қарсы тест алған дәрігерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 114 адам тіркелді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Telegram-дағы ресми парақшасында.

22 қыркүйекте коронавирус анықталған 114 адамның:

  • 16-ы Астана қаласынан;
  • 15-і Алматы қаласынан;
  • 1-еуі Шымкент қаласынан;
  • 17-і Ақмола облысынан;
  • 3-еуі Ақтөбе облысынан;
  • 1-еуі Алматы облысынан;
  • 2-еуі Атырау облысынан;
  • 3-еуі Шығыс Қазақстан облысынан;
  • 2-еуі Абай облысынан;
  • 3-еуі Жамбыл облысынан;
  • 9-ы Батыс Қазақстан облысынан;
  • 17-і Қарағанды облысынан;
  • 7-еуі Ұлытау облысынан;
  • 13-і Қостанай облысынан;
  • 2-еуі Павлодар облысынан;
  • 3-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 999 жетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 8 805 адам коронавирустан емделуде. Олардың ішінде 148 пациент стационарда, 8 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1989222-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/

pixel