Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында салмағы 70 келіге жеткен 5 жасар баланың анасы көмекке мұқтаж

Опубликовано:

Ойнап отырған бала
Ойнап отырған бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында тұрғын ұлының әлдебір дертке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрап отыр. Айтуынша, 5 жасар баласының салмағы бүгінде 70 келіге жеткен, ал оған киім табудың өзі мұңға айналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрәлінің анасы Нағима Тұрәлиеваның сөзінше, 5-6 айлық кезінде ұлын дәрігерге қаратып, артық салмағы барын білген.

Содан бері біраз жерге де қаратқан, алайда нақты бір диагноз қойылмайды, дейді ол.

Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Төлебай Айнабековтың айтуынша, Нұрәлі Прадера вилли синдромы деген дертке шалдыққан.

"Семіздіктің екінші дәрежесі. Прадера вилли синдромы. Ол – өте сирек кездесетін, көп зерттелмеген ауру. Сондықтан енді шамамыз келгенінше аудандық деңгейде көмек көрсетіп жатырмыз", – дейді Төлебай Айнабеков.

Телеарнаның мәліметінше, Нұрәлі қазір апта сайын ем қабылдайды. Соңғы айларда оған дем жетпей, тынысының тарылуы да жиілеген.

Нағима Тұрәлиева ұлын білікті маманға, дәрігерге қаратқысы келеді. Алайда отбасында жұбайы ғана жұмыс істейтінін, бар тапқаны балаларының дәрі-дәрмегіне, керек-жарағына, ауданға барып ем қабылдауына жететінін айтады.

Сондықтан олар қайырымды жандардан ұлының емі үшін көмек сұрауға мәжбүр екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1992357-almaty-oblysynda-salmagy-70-kelige-zetken-5-zasar-balanyn-anasy-komekke-muqtaz/

pixel