Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады: NUR.KZ-тің жаңа сауалнамасына қатысыңыз

Опубликовано:

Медицина
Фото: pixabay

ТМККК және МӘМС пакеттерінің айырмашылығы қандай? Сақтандыру мәртебесі қандай мүмкіндіктер береді? Қазақстандықтар оның қаншалықты тиімді екенін түсіне ме?Оқырмандарымыздың медициналық сақтандыру жүйесімен қаншалықты таныс екендігін анықтау мақсатында NUR.KZ порталы "Өзіңді тексер: сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады" сауалнамасын бастайды.

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері медициналық қызметтер екі пакетке бөлінді – ТМККК және МӘМС. Тегін базалық пакеттегі медициналық көмектен басқа, сіз бұрын өз қалтаңыздан төлеуге тура келген басқа медициналық қызметтерді ала аласыз. Ол үшін сақтандырылған тұлғаның мәртебесі болуы шарт.

Тегін және сақтандыру пакеті медициналық көмек пен қызметтердің алуан түрін қамтиды.

МӘМС пакеті ТМККК пакетін айтарлықтай толықтырады. Бірақ оған қол жеткізу үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болу керек.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың көпшілігі сақтандырылған – олар ай сайын мемлекет жарна төлейтін жеңілдік иелері, сақтандыруы өз кірістері мен еңбекақы қорынан төленетін қызметкерлер және басқа да көптеген санат – фрилансерлер, фермерлер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және т.б. жарнаны өздері төлейтін азаматтар.

Егер сіз әлі сақтандыру мәртебесін алмаған болсаңыз және оны қалай жасау керектігін білмесеңіз, Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы қадамдық нұсқаулықпен танысуды немесе 1406 нөміріне қоңырау шалуды ұсынамыз. Бірақ біз барлығыңызды NUR.KZ порталындағы "Өзіңізді тексеріп көріңіз: сақтандырылған азамат қандай медициналық көмек ала алады" сауалнамасына қатысуға шақырамыз. Сауалнама қатысушылардың хабардарлығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар сақтандыру жүйесінің қыр-сырымен бөліседі.

Сауалнама барысында сіз ТМККК және МӘМС пакеттерінің айырмашылығы неде екенін, медициналық сақтандыруға қандай қызметтердің жататынын білесіз. Мысалы, балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы стоматологиялық көмекті тегін ала алатынын және ересектердің емханада сақтандырылмай-ақ қандай тексеруден өте алатындарын біле аласыз.

Еске салайық, жақында NUR.KZ қазақстандықтардың медициналық сақтандыру жүйесімен қаншалықты таныс екенін және олардың міндетті медициналық сақтандыру мүмкіндіктері туралы не білетінін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген болатын, сауалнама нәтижесі респонденттердің жартысына жуығы медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер алғанын көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1992561-mams-zuiesinde-saqtandyrylgan-azamattar-qandai-medicinalyq-komek-ala-alady-nurkz-tin-zana-saualnamasyna-qatysynyz/