Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзде емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады

Опубликовано:

Күз келіп, күн суытқанда емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады
Күзде емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады. Фото: pixabay.com

Иммунитетті көтеру тақырыбы қашан да өзекті екені баршаға аян. Күз келіп, күн суыта бастағанда ағзаның иммундық жүйесі сыр беретіні анық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі дәрілік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады деген сауалға жауап іздеп көрді.

Ересек адамның иммунитетін қалай көтеруге болады?

Егер сіз үнемі шаршап жүрсеңіз әрі тамағыңыз апта сайын ауырса, онда сіздің иммундық жүйеңіз сыр берген. Сол себепті мұндай жағдайда міндетті түрде дәрумендер кешенін ішкен абзал. Сонымен бірге WebMD белді басылымының мамандары иммунитетті көтеретін халықтық ем түрлерін де қолданған жөн дейді. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек:

Шырғанақ шайы

Ол үшін шырғанақтың 100 грамын алып, оған 2 ас қасық корица мен 1 шай қасық бал қосыңыз. Шырғанақты блендер арқылы ұсақтап, оған 0,5 л қайнаған су қосыңыз. Тұнбаға бал мен корицаны салыңыз. Аталған қоспаны тәулігіне 3 рет 1 стакан мөлшерінде ішіңіз.

Десе де мұндай шайды ішпестен бұрын, алдымен өз дәрігеріңізден рұқсат алған абзал.

Итмұрын қайнатпасы

5 ас қасық кептірілген итмұрын дайындап алыңыз. Жемістерге екі стакан қайнаған су құйып, 10 минут баяу отта қайнатыңыз. Шайды термосқа құйыңыз, 3 сағаттан кейін аздап бал қосып ішіңіз.

Күз келіп, күн суытқанда емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады
Күзде емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады. Көрнекі фото: pixabay.com

Шырша инелерінен жасалған сусын

Иммунитетті сондай-ақ шырша инелерінен жасалған тұнба арқылы да көтеруге болады. Алдымен 2 ас қасық шырша инелерін суда шайыңыз. Сосын оған 1 стакан қайнаған су құйып, ыдыстың қақпағын жауып, отқа қойыңыз. Сөйтіп тағы 20 минут қайнатыңыз. Сусынды салқындатып, сүзіп алыңыз, сосын бал қосыңыз. Сусынды күніне 3 рет ішсеңіз, жиі ауырмайтын боласыз.

Сәбіз және шалғам шырыны

Суық тию кезінде иммунитетті көтерудің тағы бір жолы – сәбіз және шалғам сусынын ішу. Ол үшін шалғам мен сәбіз шырынын тең бөлікте араластырыңыз. Әр 100 грамм үшін 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Дайын қоспаға 1 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаны бір күнде бірнеше рет ішіңіз.

Халық емін қолданбастан бұрын әрдайым дәрігер кеңесіне жүгінуді ұмытпаңыз.

Балалардың иммунитетін қалай көтереміз

Балалардың иммунитетін кішкентайынан нығайтқан абзал. Мұндай кеңесті WebMD мамандары айтып отыр. Ол үшін балаларға дәрумендерді уақытылы беріп, олардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз еткен жөн, сонымен бірге денені шынықтыруға көп көңіл бөлген дұрыс. Соныме бірге назарлаңызға балалар иммунитетін көтеретін бірнеше халық емін ұсынамыз:

Дәнді-дақылдар

Бидай, сұлы, күнжіт, бұршақ дәндерін балалардың тағам рационында жиі пайдаланыңыз. Естеріңізде болсын, дайын өнімдердің ешқайсысында аталған дәндердегі сияқты көп дәрумендер жоқ. Ол үшін дәнді-дақылдарды жақсылап жуып, түнде суға бұқтырып қойыңыз, сосын 12 сағатқа дымқыл дәкемен жауып қойыңыз.

Зімбір қоспасы

Зімбір тамыры денедегі күш-қуатты қалпына келтіреді, алайда оны 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға кеңес берілмейді. Оның көмегімен баланың иммунитетін қалай көтеруге болады? Ол үшін зімбірдің бірнеше тамырын тазалап, үккіштен өткізіңіз. Дәміне қарай лимон қабығы мен қант қосыңыз. Сосын банкаларға салып, балаларға тамақтанар алдында 1 шай қасықтан беріп отырыңыз.

Күз келіп, күн суытқанда емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады
Күзде емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болады. Көрнекі фото: pixabay.com

Иммунитетті көтеруге арналған дәрумендер

Баланың иммунитетін қалай көтеруге болады? Ол үшін барлық балаларға ұнайтын тәтті қоспаны дайындап көріңіз. Блендерде 1,5 кесе мейіз, 1 кесе грек жаңғағы, 2 лимонның қабығын айналдырыңыз. Сосын қоспаға лимон шырыны мен 0,5 кесе сұйық бал қосыңыз. Тұнбаны екі күн бойы тұндырыңыз. Күніне үш рет 1 шай қасықтан тамақтанар алдында балаларға беріңіз.

Мүкжидек (клюква) пен лимон қоспасы

Иммунитетті көтеру үшін 1 кг мүкжидек, 2 лимон, 1 стакан балды алыңыз. Мүкжидек пен лимонды ұсақтап, бал құйып араластырыңыз. Шаймен күніне 3 рет ішіңіз.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта әзірленді. Аталған әдіс-тәсілдерді тек дәрігер рұқсатымен пайдалануға кеңес беріледі.

Дереккөздер:

  1. Carol DerSarkissian. 6 Immune System Busters & Boosters // WebMD. — 2019. — 07 July.
  2. Minesh Khatri. 13 Tips to Strengthen Your Immune System // WebMD. — 2019. — 01 March. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/diet/ss/slideshow-strengthen-immunity
  3. M. Tauseef Sultan, Masood Sadiq Butt, Mir M. Nasir Qayyum, Hafiz Ansar Rasul Suleria. Immunity: plants as effective mediators // Crit. Rev. Food Sci Nutr. — 2014. — 24 February. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/24564587/

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты , профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1993016-kuzde-emdik-sopter-arqyly-immunitetti-qalai-koteruge-bolady/

pixel