Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш мыңға жуық бала тіркеуде тұр": Елімізде психикалық ауруға шалдыққандар көбейіп кеткен

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елде жүйкесі жұқарған бала көбейген. Мамандар дабыл қағуда. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық ауруға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке өскен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Елорданың өзінде 3 мыңға жуық бала ресми тіркеуде тұр. Олардың қатары пандемиядан кейін арта түсіпті. Мұның себебі неде?

Астана қаласы бойынша 19 мың адам психикалық ауруға шалдыққан. Оның 3 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған балалар. Жүйкесі сыр берген 440 жасөспірім қазір шаһардағы психикалық орталықта емделуде.

"Бізді мазалап отырған жәйт, бұл – балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық ауытқулардың өсуі. 14-15 пайызға өсіп отыр", - дейді қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Гауһар Бектаева.

Елімізде психикалық денсаулық "қазаны" жабулы күйде тұр. Кейбірі, тіпті, мұндай аурудың бар екенін де білмейді. Енді бірі баланың бойындағы өзгерісті байқай тұра, психотерапевт көмегіне жүгінуді ұят санайды. Салдарынан, бүкіл әлемде бұл дерттің жастар арасында таралуы үдей түсті – дейді дәрігерлер.

"Көпшілік психотерапиялық денсаулыққа назар аудармайды. Көбі теріс тәрбие алады. Мысалы, біздің халықта "шыда" дейді. Әртүрлі күйзелістер болса, әртүрлі қиыншылықтар болса психотерапиялық соққылар алып отырса да адам ол шыдайды", - дейді дәрігер Тоқтар Қойшыбеков.

Психолог Лаура Жексембаева керісінше, қазір психологтың көмегіне жүгінетін ата-ана қатары артқанын айтты. Бірақ барлық отбасы емес, жастар ғана жүгінетінін жеткізді.

Жүйкесі сыр берген жасөспірім қылмыс жасап, керек десең өз-өзіне қол жұмсаудан да тайынбайды. Сондықтан мамандар ата-аналарға баласының бойынан қандай да бір оғаш қылықты, ауытқуды байқаса, бірден дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынады. Бұл – оқыс жағдайдың алдын алудың алғышарты екенін ескертеді.

А. Задабек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1994821-us-mynga-zuyq-bala-tirkeude-tur-elimizde-psixikalyq-auruga-saldyqqandar-kobeiip-ketken/

pixel