Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ: ЖРВИ жұқтыру деңгейі жоғары болса, оқушылар онлайн режимге көшіріледі

Опубликовано:

Оқушылар
Көрнекі фото: pexels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы ЖРВИ-мен ауырған балалар қандай жағдайда онлайн оқытуға көшетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пандемия кезеңінен кейін білім беру ұйымдарының барлығында дерлік онлайн режимде оқыту мүмкіндігі қарастырылған.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талабы бойынша бір инкубациялық кезеңде бір сыныпта ЖРВИ-мен балалардың 20-дан 30 пайызға дейін ауырған жағдай болса, онда сыныптық оқыту жүйесінен бас тартып және сыныпқа жаңа балаларды қабылдамау ұсынылады.

Егер бір инкубациялық кезеңде сыныпта 30 пайыз немесе одан да көп бала ауырса, бұл жағдайда сынып онлайн оқытуға көшеді", – деді басқарма басшысы Роза Қожапова.

Денсаулық сақтау министрлігі қазан-сәуір аралығында Қазақстанда тұмау, сондай-ақ тұмау емес инфекциялар – риновирус, респираторлы-синцитиальды вирус, парагрипп, коронавирус, аденовирус, бокавирус, сонымен қатар метапневмовирус жиі таралатынын хабарлады.

Тұмаумен ауыратындардың 80 пайызын балалар құрайды. Сондықтан бөлім басшысы симптомдар анықталған кезде балаларды мектепке жібермей, үйде қалдыруды ұсынды.

"Тұмау кенеттен басталып, дене қызуының күрт көтерілуімен бірге жүреді. Ағзаның айқын интоксикациясы, сонымен қатар қалтырау, әлсіздік, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, кеудедегі ауырсынумен бірге жүретін құрғақ жөтел байқалады.

Аурудың алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды ұстану ұсынылады: адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, үй-жайларды жүйелі түрде желдету, антисептиктерді қолдану арқылы дезинфекциялауды күшейту, науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу және оларды оқшаулауды қамтамасыз ету", деп қосты Қожапова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995625-densaulyq-saqtau-ministrligi-zrvi-zuqtyru-dengeii-zogary-bolsa-oqusylar-onlain-rezimge-kosiriledi/

pixel