Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұрнында үш тесігі бар": Алматылық жеті айлық сәби Қазақстанда сирек кездесетін ауыр дертпен күресіп жатыр

Опубликовано:

бала
Анасының қолындағы сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық Архат Әбілқасымның дүниеге келгеніне жеті ай толды. Осы жеті ай ішінде ол бір сәтке де тоқтамай, өмір үшін күресуде. Себебі, кішкентай балақай Қазақстанда кездеспейтін дертпен туған. Архаттың мұрнында үш тесік бар және оның екеуі ауа жібермейді. Бұл сәбидің жанын қатты қинауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Архаттың анасы Ақбота Мұратбекованың айтуынша, балақай мерзімінен бұрын туылған.

"Ұлыма жүкті кезімде коронавирусқа шалдықтым. Одан бөлек, өмірдегі сынақтарға байланысты үлкен стресс болды. Соның әсері сияқты. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде баламнан ешқандай ауытқушылық байқалған жоқ. Оның мұрнында үш тесік бар екенін тек қолыма алғанда барып білдім.

Біз перзентханадан үйге шығып, басқалар секілді 40 күн күтінген жоқпыз. Шақалақты ұстап алып, түрлі емханалардың есігін тоздырдық. Лор мен хирургтарды іздеумен болдық. Қайда барсақ та сәбидің кішкентай екенін айтты. Бірақ қол қусырып отыра алмадық. Мұрынға арналған тамшылар нәрестенің денесін толығымен зақымдайды. Алайда онсыз бала демала алмайды" - дейді анасы.

Бүгінде Архаттың мұрнындағы бір тесікті бітеп, қалған екі тесіктен дұрыс ауа жіберу үшін өте ауқымды ота қажет. Бірақ мұндай операция Қазақстанда жасалмайды екен.

"Бізді еліміздегі ең мықты деген профессор қабылдап, дереу шетелге бару керек екенін айтты. Өйткені, мұндай операциялар елімізде сәтті болмайды. Израиль мен Түркияға хабарластық. Бағасы жағынан түрік елі қолжетімді екен. Ең қиыны - бала әлі кішкентай болғандықтан, операция үш саты бойынша өтеді. Әр кезеңі 8500 АҚШ долларына тең. Жалпы алғанда 12 миллион теңге керек. Қазір бізде 3 миллион ғана бар", - дейді Ақбота.

Ақботаның 3 баласы бар. Өзі үшінші топтағы мүгедек, жұмысқа жарамсыз. Осы орайда, олар жеті айлық Архатты аман алып қалу үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Архатқа көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold

4400-4301-5031-4356

+7(707)-225-50-82 (Асхат.М)

+7(747)-225-50-86 (Акбота.М)

Halyk Bank

4405-6397-9641-1062 (Асхат.М)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995657-murnynda-us-tesigi-bar-almatylyq-zeti-ailyq-sabi-qazaqstanda-sirek-kezdesetin-auyr-dertpen-kuresip-zatyr/

pixel