Қолтықтағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады: Мамандар кеңесі
Жарияланған күні:
Әдетте көптеген адам артық қимылдаса болғаны қолтығы терлеп, одан жағымсыз иіс шығып, ыңғайсыз жағдайға қалып жатады. KAZ.NUR.KZ ағзадағы аталған келеңсіздіктің себептерін анықтап, одан арылудың жолдарын зерттеп көрді.
Қолтық не себепті терлейді?
Ағзадан тер шығу – бойдағы термореттеуге қажет, табиғи физиологиялық процесс. Тер бездері адамның бүкіл денесінде, соның ішінде қолтықта да орналасқан. Дене температурасы көтерілген сәтте, тер бездері сұйықтық, яғни тер бөле бастайды. Осы процесс арқылы тер денені салқындатуға көмектеседі. Қолтық асты әсіресе жазда, спортпен шұғылдану, физикалық белсенділік және стресс кезінде жиі терлейді.
Егер денеден тер бөліну процесі нормаға сай болса, ол қалыпты жағдай. Ал егер шамадан тыс көп болса, онда ағзада ақаулар бар болуы мүмкін. Мұндай жағдай патологиялық болып саналады және гипергидроз деп аталады. Осындай патологиялық жағдайларда тер әсіресе қолтықта, алақанда немесе бүкіл денеде көптеп бөлінеді. Яғни, адам белсенді жұмыс жасап, ештеңеге алаңдамаса да, ыстықтап, спортпен шұғылданбаса да денеден тер көп бөлінеді.
Жалпы адам без жұмысын саналы түрде басқара алмайтындықтан, ол денеден тердің бөлінуіне кедергі келтіре алмайды.
Тершеңдіктің бірнеше себептері мүмкін:
- тұқым қуалаушылық;
- вегетативті жүйке жүйесінің жоғары белсенділігі;
- эндокриндік патологиялар;
- жүрек ритмінің бұзылуы;
- артық салмақ;
- зат алмасу процесінің бұзылуы;
- көп мөлшерде дәрі ішіп, салдарынан ағзаны улау, яғни дәрілік заттардың жанама әсерлері.
Гипергидроздың нақты себебін анықтау мүмкін емес. Көбінесе ол тұқым қуалайды және адамдарда 20-30 жаста пайда бола бастайды. Созылмалы стресс, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия сынды ағазаға салмақ түсіру – тершеңдіктің негізгі себебі болуы мүмкін.
Медицина ғылымдарының докторы Дженнифер Робинсон WebMD басылымында жазғандай, америкалықтардың шамамен 2-3%-ы қолтықтың шамадан тыс терлеуінен (қолтықасты гипергидрозы) немесе алақан мен табан (алақан-табан гипергидрозы) зардап шегеді.
Тершеңдік сонымен бірге бездердің қызметін реттейтін вегетативті жүйке жүйесіндегі ақаулардан да болуы мүмкін. Бұған эндокриндік патологиялар, атап айтқанда инсулинге төзімділік, гипертиреоз да әсер етеді. Аритмия, тахикардия сынды кейбір жүрек-қан тамырлары аурулары да гипергидрозға әкеп соқтырады. Шамадан тыс терлеудің себебі артық салмақ пен метаболизмнің бұзылуы, қатерлі және қатерлі емес ісіктердің де кейбір түрлерінің әсерінен болуы мүмкін. Сонымен қатар, гипергидроздың белгілері көбінесе жасөспірім кезіндегі гормоналды өзгерістер уақытында көрінеді.
Қолтық терлеп, ондағы жағымсыз иістен арылу үшін не істеу керек?
Егер қолтық жазда, күйзеліс кезінде немесе физикалық белсенділік уақытында терлесе, онда арнайы шаралар қолданудың қажеті жоқ. Ал егер керісінше, көп қимылдаған жағдайда тершеңдік белгілері болса, онда маман кеңесіне жүгінген жөн. Сол сияқты кешкі және түнгі уақытта көп терлесеңіз, дәрігерге қаралған жөн. Себебі ол иммундық жүйенің бұзылуы немесе ағзада инфекцияның болуы, сондай-ақ онкологиялық аурулардың белгісі болуы мүмкін.
Егер терлеген сәтте әлсіздік, бас айналу байқалса, онда бұл қандағы глюкозаның күрт төмендеуінің белгісі болуы мүмкін. Гипогликемия талып қалуға және диабеттік комаға әкелуі мүмкін.
Сол сияқты тиреотоксикоз кезінде қалқанша безінің гормондарының қанға жоғары дозада енуіне байланысты, адамда тершеңдік пайда болуы мүмкін. Бұл симптом әйелдерде етеккір циклінің бұзылуына және климакстың келуіне ықпал етеді.
Медицина ғылымдарының докторы Брунилда Назарио негізгі ауруды анықтау және дұрыс емдеу гипергидроздағы терлеуді азайтуға көмектесетінін айтады. Жасөспірімде қолтық терлесе не істеу керек? Мамандардың айтуынша бұл қалыпты жағдай. Жастардың тершең болуы жүйке жүйесінің әлі толығымен жетілмегендігінің, жыныстық гормондардың бөлінуінің белгісі болып табылады. Сол себепті жасөспірімдер жеке бас гигиенасына көптеп көңіл бөлу керек.
Үй жағдайында тершеңдіктен қалай арылуға болады?
- Жаман әдеттерден арылу – темекі шегу, ішімдік ішуді қою.
- Қан айналымын тездетіп, дене температурасының жоғарылауына ықпал ететін ащы тағамдардан бас тарту.
- Жүйке жүйесінің бұзылуы жол бермей, өз эмоцияңызды басқарып үйреніңіз, кей жағдайларда антидепрессанттарды қабылдау қажет, алайда оларды дәрігер тағайындауымен қабылдаңыз.
- Халықтық емдеу әдістерін қолданыңыз: түймедақ, жалбыз, емен қабығының қайнатпаларын ішіңіз. Бұл шөптер бактерияға қарсы қасиеттерге ие және қолтықта жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды жоюға көмектеседі.
Дезодоранттар мен антиперспиранттардың көмегімен де аталған мәселені шешуге болады. Олар тер бездерінің жұмысын бұзу үшін қолданылатын, қолтыққа енгізілетін нейротоксиндер болып табылады. Джон Р. Макконахи түсіндіргендей, ботулинум токсинін инъекциялау қолтық асты, алақан, табан немесе краниофасиальды (бет) гипергидрозға арналған, емдеу тәсілі болып саналады. Бірақ бұл әдіс шамадан тыс терлеудің себебін табуға көмектеспейді, сондықтан негізгі ауру мен оның белгілері бірнеше айдан кейін қайта біліне бастайды. Тершеңдіктен әрі қолтықтың жағымсыз иісінен арылу үшін, дәрігерге барған дқрыс.
Назар аударыңыз! Материал тек танымдық мақсатта ұсынылып отыр. Жоғарыда сипатталған емдеу әдістерін тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдануға болады.
Дереккөз:
- Brunilda Nazario. Causes of Hyperhidrosis (Excessive Sweating) // WebMD. — 2018. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/skin-problems-and-treatments/hyperhidrosis-causes-11 D.
- M. Jenkinson. Comparative physiology of sweating // Pubmed. — 1973. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/4582049/
- Jennifer Robinson. Excessive Sweating (Hyperhidrosis) // WebMD. — 2018. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/skin-problems-and-treatments/hyperhidrosis2
- John R. McConaghy. Hyperhidrosis: Management Options // Pubmed. — 2018. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/30215934/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1995806-qoltyqtagy-zagymsyz-iisten-qalai-aryluga-bolady-mamandar-kenesi/