Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан мен Қытай коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны сынақтан өткізуде

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстан мен Қытайда коронавирустың "омикрон-дельта" штамына қарсы жаңа рекомбинантты ақуыз вакцинасының клиникалық сынақтары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, екі елдің ғалымдары жаңа екінші кезеңдегі протеиндік вакцина коронавирустан тиімді және ұзақ қорғанысты қамтамасыз етеді деп болжам жасаған.

"Өзбекстан- Қытай арасындағы екінші кезең вакциналары бойынша ынтымақтастық сәтті аяқталуда. Аталған вакцинаның ғылыми-зерттеу және клиникалық сынақтарын жасаудамыз", - дейді Өзбекстанның Инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмонов.

Басылым Қытай Ғылым академиясының академигі Гао Фу Қытай мен Өзбекстан бұған дейін ZF-UZ-VAC-2001 коронавирусқа қарсы бірінші кезең екпесін сәтті шығарғанын атап өткен.

Нәтижесінде бұл вакцинаның 300 млн-нан астам дозасын бүкіл әлем қолданып, ол жаһандық індетпен күреске үлкен үлесін қосқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1996328-ozbekstan-men-qytai-koronavirusqa-qarsy-zana-vakcinany-synaqtan-otkizude/

pixel