Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаз майының пайдасы мен зияны қандай: Мамандар пікірі

Опубликовано:

Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма
Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма: pixabay.com

Ғылымда қаз майының пайдасы жайлы көптеген еңбектер бар. Мамандар оны буын ауырғанда, пневмония, тері ауруларында жиі пайдаланған. Бұрындары тіпті қаз майын косметикалық заттарға да қосқан деген дерек бар. KAZ.NUR.KZ бүгінгі материалда қаз майының денсаулыққа пайдасы мен зияны туралы баяндайды.

kleo.ru басылымының мәліметінше, қаз майының емдік қасиеттері көп.

Қаз майының құрамы төмендегідей болады:

  • селен;
  • қанықпаған май қышқылдары;
  • холестерин;
  • Е дәрумені.

Аталған элементтер кешенінің арқасында қаз майын ауырсынуды басатын, иммуномодуляциялайтын, қалпына келтіретін және жараларды емдейтін құрал ретінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның антиоксиданттық қасиеті бар. Құрамында қаз майы бар препараттар:

  • зат алмасу процесін реттейді;
  • иммунитетті нығайтады;
  • терінің және липидті тосқауылдың су балансын қалпына келтіреді;
  • қабыну және ауырсынуды жояды.

Құрылымы бойынша қаз майы зәйтүн майына ұқсайды, сондықтан ол дәрілік препараттардың құрамына кіретін басқа компоненттермен оңай сіңіседі. Ондай препараттарды ішуге немесе теріні емдеуге арналған құрал ретінде пайдалануға болады.

Мамандар қаз майының денсаулыққа зиянынан гөрі пайдасы көп дейді. Мысалы, ежелгі Русьта оны ертеректе асқазанды емдеу құралы ретінде пайдаланған. Мысалы ішімдік ішердің алдында шай қасық қаздың майын ішу арқылы, асқазанды ішімдіктен зақымдамай, адам бойына токсиндердің таралуының алдын алған.

Ал кәрістер қаз майы қатерлі ісіктің алады деп сенген. Десе де қауіпті дертпен күресу күні бүгінге дейін мүмкін емес болғандықтан, мұндай тұжырымға сенуге әлі ерте.

Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма
Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма: pixabay.com

Қаз майы келесі ауру түрлеріне көмектеседі:

  1. Теріні үсік шалғанда. Суворов әскерилері Альпі тауларынан өтіп, денелерін ұсік шалғанда қаз майын жаққан деседі. Бұл ретте қаз майы үсік шалудың алдын алып, терінің қалпына келтірілуіне көмектеседі екен.
  2. Суық тигенде. Иммунитетті көтеру үшін, 15 г алоэ шырыны, бал, какао және қаз майынан жасалған тұнбаны ішуге болады. Аталған қоспаны қыздырып, жылы сүткен 1 шай қасық тұнюаны қосып, ішу керек. Сүтті дәл осы әдіспен тәулігіне екі рет ішкен абзал.
  3. Жөтелген уақытта. Ол үшін 100 гр арақ, 100 гр бал және 100 гр майды араластырып ішкен жөн. Аталған қоспаны жақсылап араластырып, қараңғы жерде тұндыру керек. 7 күннен кейін қоспаны пайдалануға болады. Тәулігіне 1 шай қасықтан күн сайын қабылдаса болады.
  4. Күйген кезде. Күйген теріні қалпына келтіруде қаз майы таптырмас ем болып саналады. Ол үшін күйген теріні күніне 2 рет, теріні күйдіріп алғаннан соң бірнеше күн өткен соң жағу керек.
  5. Тері патологиялары. Емдеу үшін алдын ала ұсақталған емен қабығынан (20 г) және қаз майынан (115 г) тұратын қоспаны қолданыңыз. Тұнбаны теріге жағып, целлофанмен үстін жауып, кейін дәке немесе таңғышпен байлап қояды. Процедураны 1 сағат бойы жасаған жөн.

Қаз майы емдік қасиеттерін өте төмен және жоғары температурада да жоғалтпайды. Сонымен қатар, қаз майы ағзаны жылыту әсеріне ие, сондықтан ол теріні үсік шалғанда кезде жиі қолданылады. Сонымен қатар, экзема, псориаз, есекжем, әр түрлі этиологиядағы іріңдер, тітіркену мен қызару, жаралар мен терінің тілінуі кезінде де кеңінен пайдаланылады. Алайда ашық жаралар кезінде қаз майын тек дәрігер кеңесімен пайдаланған жөн.

Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма
Қол мен аяқ терісі тілінгенде, қаз майын пайдаланса бола ма: pixabay.com

Қаз майының денсаулыққа зияны

Қаз майын пайдаланғанда мынадай шектеулер бар:

  • ағзаның көтере алмауы
  • бауыр ауруларының асқынған түрінде
  • жүктілік және бала емізу кезінде

Сонымен бірге қаз майын далаға шығарда және ыстық ауа райында бетке жағуға кеңес берілмейді. Себебі оның құрамында көптеген май қышқылдары бар, ол ультракүлгін сәулелердің салдарынан теріге керісінше зиян болуы мүмкін. Қаз майын көп жағдайда ұйықтар алдында қолданған жөн.

Қаздың майын созылмалы жүрек-қан тамырлары ауруымен сырқаттанатын жандарға да жиі пайдалануға болмайды. Себебі оның құрамында холестерин болғандықтан, ол қанның ұйып, тромбардың жарылуына әкеп соқтыруы ықтимал.

Назар аударыңыз! Материал тек ақпараттық сипатта ұсынылып отыр. Жоғарыдағы кеңестерді тек дәрігер рұқсатымен ғана пайдалануға болады.

Дереккөз:

  1. ru.siberianhealth
  2. www.passion

Сарапшы: Владимирова Екатерина, ана және бала жөніндегі маман

Рецензент: Екатерина Воробьева, денсаулық және белсенді өмір сүру маманы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1996471-qol-men-ayaq-terisi-tilingende-qaz-maiyn-paidalansa-bola-ma/

pixel