Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырқат жүрегімді қысып барады": Қызылордалық көпбалалы ана 20 жылдан бері қолындағы ісікті кетіре алмай жүр

Опубликовано:

Балгүл Байниязованың ісік басқан қолдары
Балгүл Байниязованың ісік басқан қолдары. Фото: жеке мұрағат

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын Балгүл Балниязова соңғы 20 жылдан бері ауыр дертпен күресіп келеді. Бес балалы анаға Қазақстанда сирек кездесетін диагноз қойылған. Бүгінде оның қолы күн санап ісіп, сыртқы пішіні үрілген шарға ұқсап барады. Жұмыстан да, тіршіліктен де қалған көпбалалы ана шырылдап көмек сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балгүлдің айтуынша, қолындағы ісік алғаш рет екінші баласын дүниеге әкелген соң көріне бастаған. Бірақ дәрігерлер ісіктің аллергиядан болуы мүмкін екенін айтып, көңілін басып қояды.

"Негізі, кіржуғыш ұнтақ немесе химиялық үй құралдарын ұстасам, қолым қышитыны бар. Бұл анамда да кездескен, сондықтан тұқым қуалайтын дерт шығар деп жүрдім. Сол аллергия асқынып, қолым жиі ісіп кететін. Бірақ араға уақыт салып, ісік қайтады да, қолым қалпына келіп жүрді. Осылай жалғасқанына 20 жылға жуықтады. Үшінші топтағы мүгедекпін. Соңғы кезде қолымның дерті жанымды жегідей жеп барады. Себебі, ісік қайтар емес. Дәрігерлер екінші деңгейлі лимфедема диагнозын қойып отыр. Бұл инфекция лимфатикалық жүйенің жұмысын бұзғаннан болатын ауыр дерт", - дейді Балгүл.

Бүгінде бес балалы ана қолының ісігіне байланысты жұмысынан шығып кетті. Бұл сырқатты емдеу үшін Түркия дәрігерлері шақырту жіберген. Алайда қарапайым отбасы қаражаттан қысылып отыр.

"Қазір қыздарым өсіп, үй шаруасына солар көмектесуде. Бірақ ісік ұйқы бермейді. Жүрегімді қаттықысады, дене қызуым сәт сайын көтеріле береді. Шаруадан да, жұмыстан да қалдым. Қазір қолымды көтеріп жүрудің өзі мұңға айналды. Осы орайда, Түркияда тексеруден өту үшін халықтан көмек сұрағым келеді. Бұл қадамға бару маған қиын. Алайда мына сырқаттан тезірек құтылсам деген арманым бар", - дейді Балгүл Байниязова.

Балгүл Байниязоваға көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi Gold: +7 775 407 56 10, Қарлығаш Н.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1996712-syrqat-zuregimdi-qysyp-barady-qyzylordalyq-kopbalaly-ana-20-zyldan-beri-qolyndagy-isikti-ketire-almai-zur/

pixel