"Өзінде инфекция бар екенін жасырған": Астанада ер адам әйелге ВИЧ-ті әдейі жұқтырған деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Зертхана1
Зертхана. Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысында ер адам өзімен бірге тұратын әйелге ВИЧ-ті әдейі жұқтырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары Астанада тұратын әйелден АИТВ-ға жасалған тесттің оң нәтиже бергенін анықтаған.

"Оның эпидемиологиялық ортасын тексеру кезінде Ақмола облысындағы аудандардың бірінде туған ер адаммен бірге тұрғаны анықталды. Ол 2014 жылдан бері АИТВ жұқтырған адам ретінде Ақмола облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте болған. Әйелдің айтуынша, ер адам өзінде АИТВ инфекциясының бар екенін жасырған", - делінген облыстық полицияның хабарламасында.

Басылымның хабарлауынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 2-бөлігі ("АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Басылым бұл қылмыс үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1997350-ozinde-infekciya-bar-ekenin-zasyrgan-astanada-er-adam-aielge-vic-ti-adeii-zuqtyrgan-degen-kudikke-ilindi/