Дәрігерлер жүк көлігінен құлап, аяғы жансызданып қалған қостанайлық тұрғынға ерекше ота жасады
Жарияланған күні:
Жүк көлігінен құлап, аяғы жансызданып қалған қостанайлық тұрғынға елордадағы академик Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері ерекше ота жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны 2022 жылдың маусым айында жұмыс уақытында жүк көлігінен секірмек болып, аяғын жарақаттап алған. Яғни, алған жарақатының салдарынан оның аяғы жансызданып қалған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылып, ер адам жергілікті көпсалалы ауруханаға жеткізілген.
5 ай уақыт аралығында ауруханада болған науқастың аяғын сақтап қалу үшін оған Илизаров аппараты қойылған. Сонымен қатар бірнеше ауыр ота жасалған. Пациентті әрі қарай емдеу мақсатымен Рудный қаласының көпсалалы аурухана дәрігерлері телемедицина арқылы академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандарымен байланысқан.
Пациент жайлы толық ақпарат нақтыланған соң, науқасты Астана қаласына жеткізу туралы шешім қабылданған.
"Қазан айының соңында пациентті біздің орталыққа жеткізгеннен кейін, бөлімше дәрігерлері оны толық қарап шықты. Консилиум барысында алдымен тері трансплантациясын жасап, содан соң науқасқа осыған дейін қойылған Илизаров аппаратын шешіп, оң аяғына басқа жолмен бекіту туралы шешім қабылданды", - дейді орталықтың №4 травматология бөлімшесінің дәрігері Әлия Атапилева.
Аяғына қиын ота сәтті жасалған ер адам дәрігерлерге деген алғысын айтты.
"Олар менің аяғымды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", - дейді пациент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1998166-darigerler-zuk-koliginen-qulagan-qostanailyq-turgynnyn-ayagyna-erekse-ota-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.