"Қуанғаннан жылай бердім": Ақ қан дертінің сирек түріне шалдыққан бала ауруын жеңіп шықты
Жарияланған күні:
Отандық дәрігерлер ақ қан ауруының сирек түріне шалдыққан баланы құлан таза айықтырды. Әдетте лейкоз дертін емдеу үшін балаға туған бауырының жілік майын алмастыру арқылы трансплантация жасалатын. Бұл жолы кішкентай науқасқа әкесі донор болған, деп хабарлайды Хабар24.
9 жасар ақтаулық бала былтыр аяқ астынан ақ қан дертіне шалдыққан. Анасымен Ақтаудан Астанаға ем іздеп келгенімен, донор табылмай біраз қиналған.
Негізі қан ауруын емдеуге жілік майы науқастың туған бауырларынан алынады. Алайда бұл жолы ақтаулық балаға туған әпкелерінің жілік майы сәйкес келмеген.
Қуанышқа орай тексеріс нәтижесінде баланың өз әкесінің жілік майы 50 пайыз сәйкес келген. Дәрігерлер бірден оты жасауға кіріскен. Бүгінде отадан кейін екі ай уақыт өткен. Дәрігерлер соңғы зерттеп-талдау нәтижелерінен соң жеткіншектің дерттен сауыққанын байқаған.
"Білесіз бе, маған баламның лейкоздан сауыққанын айтқанда қуанғаннан жылай бердім. Себебі, донор табу қиын болды. Қазақстаннан да шетелден де табылмады. Аққанның ремиссияға жатпайтын түрін емдеу өте қиын екен. Бірақ ұлымның дертті жеңетініне сендім. Өйткені біздің дәрігерлердің өте білікті екенін көзім жетті", - дейді ауруынан айыққан баланың анасы Елизавета Кириленко.
Телеарнаның мәліметінше, елімізде жылына 200-ден астам бала ақ қан ауруына шалдығады. Ана мен бала орталығының дәрігерлері осыған дейін ликемияның сирек түрімен ауырған 35 балаға ота жасаған.
"Біз ақ қан ауруымен ауыратын бірақ ремиссияға жатпайтын балаларға 5 жыл бұрын трансплантация жасай бастадық. Сонымен 35 трансплантация жасадық. 50 пайыз жазылып кетті. Бүгіне сондай баланы үйге шығарып жатырмыз. Бала жазылып кетті", - дейді онколог дәрігер Дайыр Нұрғалиев.
Айта кетейік, ақ қан ауруын емдеу үшін трансплантация Астана мен Алматы қалаларында жасалады. Осыған дейін елордада 176 балаға жілік майын алмастыру операциясы сәтті өткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1999030-quangannan-zylai-berdim-aq-qan-dertinin-sirek-turine-saldyqqan-bala-auruyn-zenip-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.