Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІ Елизавета патшайым өмірінің соңғы шағында рактың қауіпті түрімен күрескен

Опубликовано:

Елизавета патшайым
Елизавета патшайым: Sean Gallup/Getty Images

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета өмірінің соңғы айларында сүйек майына зақым келтіретін миолемамен күрескен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, патшайымның бірнеше ай бойы қатерлі дертпен күрескені жайлы оның өмірі туралы биографиялық кітапта айтылған.

ІІ Елизавета өлімінің ресми себебі ретінде оның қартайғандығы көрсетіліп жүр. Десе де кітап авторы Джайлз Брандрет Елизаветаның шын мәнінде сүйек рагының сирек кездесетін түрі - миеломадан көз жұмғандығын мәлімдеді.

Автордың айтуынша, патшайымның кейінгі кезде салмақ жоғалтып, қатты шаршауы, дұрыс жүріп-тұра алмауына осы дерт себеп болған.

"Миолеманың ең басты белгісі - сүйектің әсіресе, жамбас пен бел аумағының ауыруы. Миолема көп жағдайда қарт адамдарда кездеседі", - делінген кітапта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1999215-ii-elizaveta-patsaiym-omirinin-songy-sagynda-raktyn-qauipti-turimen-kuresken/

pixel