Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бар арманым - анамды аяққа тұрғызу": Атыраулық музыкант ауыр дертке ұшыраған анасын құтқару үшін жанталасуда

Опубликовано:

Майра Ерғалиева
Майра Ерғалиева. Фото: жеке мұрағат

Елімізге белгілі музыкант, көптеген жас әншілердің танылуына үлес қосқан Азамат Ерғалиев бүгінде анасын аяқтта тұрғызу үшін жанталасып жүр. Отбасындағы жалғыз ұл ерекше диагноз қойылған анасын емдету үшін қайырымдылық концертін де өткізіп үлгерді. Бірақ қомақты қаражат әлі толық жиналар емес, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауруға шалдықпас бұрын Азаматтың анасы Майра Ерғалиева бухгалтер болып қызмет атқарған. Оның бірқалыпты, тыныш қана өмірі бар еді. Бірақ 2019 жылы өмірі күрт өзгерді. БАС ауруының алғашқы белгілері байқалып, саусақтарын қозғалта алмай қалды. Бұдан бөлек оң жақ беті ұйып, жүріп тұруы қиындай түсті. Уақыт өте келе төсекке таңылды.

Азамат анасын бірнеше рет медициналық тексерістен өткізгенімен қазақстандық дәрігерлер нақты диагнозын қоя алмайды. Тек Ташкент қаласындағы дәрігерлер Майра Ерғалиеваның БАС ауруына шалдыққанын айтып, нақты диагноз қоя білді.

"Бүйірлік амиотрафикалық склероз" дерті әлемде "Стивен Хокинг ауруы" деген атаумен танымал. Мұндай дертке шалдыққан адам өздігінен жүріп-тұра алмайды. Тіпті, сөйлеу қабілетінен де бірте-бірте айырыла бастайды.

Аталған ауру бойынша нақты диагноз қою – қиынның қиыны. Себебі аурудың белгілері әр адамда әртүрлі көрініс табады. Біреудің қол-аяғы істен шықса, енді бірі сөйлеп жатқанда тұтыға бастайды. Орталық Азия медицинасының бұл ауруды емдеуге қауқары жетпейді. Тек ташкенттік дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері арқылы нақты диагноз қойып, арнайы ем-дом жасайды. Майра Ерғалиеваның еміне әлі 5 млн теңге жетпейді. Ал Алматыда ай сайын емдеуге 850 мың теңге кетеді.

Музыкалық салада жұмыс істейтін Азамат Ерғалиев дыбыс жазу орталығының іргетасын қалаушы және продюсер. Оның Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында дыбыс жазу студиясы бар. Өзі жұмыс істейтін сала арқылы анасының еміне қаражат жинап, БАС ауруы туралы ақпарат таратуды мақсат етіп, концерт ұйымдастырды. 2022 жылдың 20 қазанында 5 мың адамға арнап қайырымдылық кешін абыроймен өткізді.

"Жалғыз ғана арманым бар. Анам аяққа тұрып кетсе екен. Мен жалғыз ұлымын. Ең аяулы жаным осы дертке шалдыққан соң күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Бірақ қиындықтың уақытша екенін, анамның әлі қатарға қосылатынын сеземін. Арнайы терапия үшін әлі 6 миллион теңге жетпей тұр. Көпшіліктен, мейірімді жандардан көмек күтеміз", - дейді Азамат.

Майра Ерғалиеваға көмектесем деушілер үшін реквизит:

Карта номері:

4400 4302 5123 5781

+7 701 152 87 39

MAIRA YERGALIYEVA

АО Kaspi Bank

CASPKZKA

KZ14722C000019860849

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1999876-bar-armanym-anamdy-ayaqqa-turgyzu-atyraulyq-muzykant-erekse-dertke-usyragan-anasyn-qutqaru-usin-zantalasyp-zatyr/

pixel