Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оң және сол құлақ неге ысиды: Құлақтың ысып-қызаруына қатысты наным-сенімдер

Опубликовано:

Құлақтың ысуы
Бойжеткен. Көрнекі сурет: Unsplash/Tengis Galamez

Әдетте құлақ ысып-қызара бастаған кезде өзгелер сіз туралы айтып жатыр дейді. Қай құлағыңыздың қызарып кеткені шынымен де маңызды дүниелерден хабар бере ме? Эзотерика, сиқыр, биоэнергетика және халық дәстүрінде оң және сол құлақтың неліктен ысып-қызаратыны жайлы түсінік берілген. Бұл нанымның түсіндірмесінде апта және тәулік күндері ескеріледі.

Оң құлақ неге қызарады?

"365. Сны, гадания, приметы на каждый день" кітабының авторы Наталья Ольшевская мұны оң өзгерістердің белгісі деп есептейді әрі ол адамды өзге біреудің іздейтінін немесе оған әлдебір жанның ессіз ғашық екенін білдіреді дейді. Сондай-ақ бұл шынайы мақтау мен тамсанудың белгісі.

Ер адам мен әйелдің оң құлағының қызаруы нені білдіреді?

  • Дененің оң жақ бөлігі ер адамның, әкенің сызығы болып саналады. Тәніміздің оң жақ бөлігіндегі аурулар мен сезу қызметі әке тарапынан беріледі:
  • Әйелдің оң құлағының ысуы махаббатта позитивті өзгерістердің болатынын білдіреді. Сізге сырттай ғашық болып жүрген адам бар деген сөз. Ал тұрақты серігіңіз бар болса, ол сіз үшін алаңдаулы дегенді білдіреді.
  • Егер ер адамның оң құлағы қызарса, бұл оның кәсібі мен жұмысына мән беру керектігінің белгісі.

Егер құлақты алтын сақинамен сипағанда ақшыл із қалса, онда ол адам туралы жағымды әңгімелердің айтылып жатқаны. Ал қоңыр түсті із қалатын болса, бұл ғайбаттап жатқандығын білдіреді.

Құлақ ысуының себебі
Құлағын ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аптаның кез келген күнінде оң құлақтың ысуының сыры неде?

Оң құлағыңыздың ысып-қызарғанын сезсеңіз, күнтізбеге қараңыз. Себебі оң жақ құлақтың қай күні қызаруына қарай түрлі наным бар:

  • Дүйсенбі - тартысты жағдай және үлкен дау-дамай.
  • Сейсенбі - адамдармен келіспеушілік.
  • Сәрсенбі - позитивті өзгерістер.
  • Бейсенбі - жағымды тосынсый.
  • Жұма - тағдырлы кездесу.
  • Сенбі - жағымсыз машақат.
  • Жексенбі - іскерлік табыс.

Құлақтың ысуының себебін басқа жағдайлардан да іздеп көрген жөн. Мысалы - тәулік уақыты.

Оң құлақ неліктен күннің әр түрлі бөлігінде ысиды?

Құлақтың ысуы таңертең басталып, күні бойы жалғасуы мүмкін. Мұны тәулік уақыты бойынша былай түсіндіреді:

  • Таңертең - күннің келіспеушіліктерге толы болуы.
  • Күндіз - әжептәуір табыс, сыйақы немесе қарыздың қайтарылуы.
  • Кешке - жағымды өзгерістердің белгісі.

Сол құлақ неге ысиды?

Антонина Соколованың "Таинственный мир примет, знаков и суеверий" кітабында мұны сақтық белгісіне жатқызады. Сол құлақтың ысуы жағымсыз әңгімелерді, көре алмаушылық пен адамның абыройына нұқсан келтірудің көзделетінін білдіреді.

Ер адам мен әйелдің сол құлағы неге байланысты?

Дененің сол жақ бөлігі әйел затымен байланысты. Тәннің сол жақ бөлігіндегі аурулар мен сезім мүшелері ана арқылы беріледі. Ал әйелдің сол құлағы неге ысиды? Бұл махаббаттағы өзгерістерге тән белгілер:

  • Келіспеушілік салдарынан жылдам ажырасу.
  • Ұсақ-түйекке бола қатты жанжалдасу.
  • Жағымсыз кездесу немесе жаңалық.
  • Жұмыстағы қиындықтарға байланысты күш-қуаттың сарқылуы.
  • Ойламаған жерден шығындалу.

Егер ер адамның сол жақ құлағы қызарса, мына жағдайларға дайын болғаны жөн:

  • Басшылықпен келіспеушілік.
  • Сүйікті әйелімен ұрысу.
  • Көңіл қалдыратын кездесу.
  • Тұрмыстық ұсақ-түйектен туындаған жайсыздықтар.
  • Сәтсіз салымдар.

Жағымсыз жайттарға тап болмас үшін сақ болған абзал. Наным-сенімге бей-жай қарамау әрбір істі пайдалы жағына қарай іске асыруға көмектесуі ғажап емес.

Құлақ ысуының себебі
Құлаққап киген қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сол құлақтың аптаның кез келген күнінде ысуының сыры

Сол құлақ та аптаның кез келген күнінде ысып-қызаруы мүмкін. Құлақтың ысуына қатысты нанымға түсінік берген кезде оның қызарған уақытын есепке алу керек. Осыған орай бақылау жасап отыру көмектеседі:

  • Дүйсенбі - жұмыстағы кикілжің.
  • Сейсенбі - сүйікті адамыңыздың еске алып жатқанын білдіреді.
  • Сәрсенбі - ұмытылып кеткен істер мен уәделерді еске түсіреді.
  • Бейсенбі - жағымды жаңалықтар және сыйлықтар.
  • Жұма - жағымды жүздесулер.
  • Сенбі - әлдекім шиеленіс туғызады, сақ болған жөн.
  • Жексенбі - ісіңіздегі жетістік және керемет болашақ.

Құлақ - ағзаның сергек бөлігі. Дененің қандай да бір белгілерін елемей қоймаңыз, керісінше сараптап көріңіз.

Сол құлақ неліктен күннің әр бөлігінде ысиды?

Күннің алғашқы бөлігінде біз күнделікті істерімізбен шұғылданғандықтан, денеміз берген белгілерді сезіне қоймаймыз. Дегенмен сол жақ құлағыңыздағы қызаруының қай кезде пайда болғанына мән беріңіз:

  • Таңертең - шешім қабылдауда, сұхбат құруда және хат алмасуда тәуекелге бару.
  • Күндіз - достармен және әріптестермен келіспеушілік.
  • Кешке - жақын туыстарыңызбен ұрыс-керіс.
  • Түн ортасында сол құлақтың қызуы әріптесінің еске алып жатқанын білдіреді. Кімге уәде бергеніңізді, кіммен кездескеніңізді, араласып, тартысқаныңызды немесе романтикалық байланыста болғаныңызды еске түсіріп, түйін шығарыңыз.

Екі құлақ неліктен бір мезетте ысиды?

Құлақтың қызаруы туралы нанымға екі құлақ бірдей ысығанда да жүгінуге болады, бірақ ол жоғарыда айтып өткен түсіндірмелерден өзгешелеу. Құлақ неліктен ысиды? Екі құлақтың бір мезетте қызаруы ауа райының өзгеруімен де байланысты, сонымен қатар махаббаттан басы айналған кезеңдерде де қызарады. Бұл әлдебір жанның сағынғанын, кездесуді қалайтынының, сезімін білдіргісі келетінінің белгісі болуы мүмкін.

Әйел мен ер адамның құлағы не себептен ысиды?

Егер ер адамның немесе әйелдің екі құлағы бірдей ыситын болса, мұны жынысына байланысты түсіндіру керек. Әйелдерге қатысты мынадай белгілер бар:

  • Бойжеткен үшін - бұрынғы жігіті есіне алып, жақында кездесуге шақырады.
  • Тұрмыстағы ханым үшін - жарымен келіспеушіліктің болу қауіпі бар, әріптесімен романтикалық байланыс.

Егде жастағы әйел үшін - басшылығы мен әріптестері ол туралы талқылап жатқан болуы ықтимал.

Егер ер адамның құлағы қызарса, аталған нанымды былай түсіндіру керек:

  • Кәсіби ортадағы өзгерістер немесе ханымдар тарапынан қызығушылықтың болуы.
  • Жеке өмірдегі жағымды жайттар.

Екі құлақ жағыңызбен бірге ысып жатса, бұл жағымды кездесудің, сезімді білдірудің белгісі. Мұндай жорамалдан қашудың қажеті жоқ.

Құлақ ысуының себебі
Кездесу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Апта күндерінде екі құлақтың қатар ысуы неден хабар береді?

Екі құлақтың бірдей ысуы сирек болатын жағдай. Егер бұлай бола қалса, аптаның күндерін ескеріңіз:

  • Дүйсенбі - қызғаныш пен ұрыс-керіс.
  • Сейсенбі - өтірікке тап болу (жалғызбастылар үшін), сүйікті адаммен ұрысу.
  • Сәрсенбі - достық кездесу немесе сезімге толы кездесу.
  • Бейсенбі - жақсы жаңалық.
  • Жұма - құштарлықтың тұтануы.
  • Сенбі - жаман белгі.
  • Жексенбі - табыс және сыйлықтар.

Құлақ күннің әр бөлігінде неге ысиды?

Күніңіз құлағыңыздың ысып-қызаруымен басталды ма? Бұл белгінің түсіндірмесі мынадай:

  • Таңертең - әріптестермен келіспеушілік, бәсекелестіктің артуы.
  • Күндіз - көре алмаушылық және сізді қаралайтын әрекеттер.
  • Кешке - жақын доспен жанжал.
  • Түнде - ертеңгі жоспарға түзету енгізу.

Денсаулық туралы Verywell Health порталы құлақтың қызаруына жол бермеген жөн деп жазады. Эмоционалды жағдайлар, аллергия, инфекция және гормоналды бұзылыстар құлақ ысуының бір себебі болуы мүмкін.

Ал адамның денсаулығы жақсы болғанымен, құлағы ыси берсе, жаман ойларға бой алдырудың қажеті жоқ. Жасына, жынысына және апта күндеріне сай халық арасында кеңінен таралған нанымның түсіндірмелеріне жүгініп көріңіз. Бұл барлығын дұрыс түсініп, қателеспеуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1999956-on-zane-sol-qulaq-nege-ysidy-qulaqtyn-ysyp-qyzaruyna-qatysty-nanym-senimder/

pixel