Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гематолог дәрігер ұйқы безі үшін ең пайдалы өнімдерді атады

Опубликовано:

Тауықтың төс еті
Тауықтың төс еті. Көрнекі фото: Рexels.com

Гематолог дәрігер Людмила Васильева News.ru сайтына берген сұхбатында ұйқы безі үшін ең пайдалы өнімдерді атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гематологтың сөзінше, ұйқы безі үшін ең пайдалы өнімдер - тауық еті, сүт өнімдері және көкөністер мен жемістер.

Маманның айтуынша, алкогольді айтпағанның өзінде, тым майлы, тым тәтті, тым ащы немесе тұзды тағамның кез келгені ең маңызды орган үшін зиян.

"Ұйқы безі үшін ең пайдалы өнімдер - тауықтың төс еті, ең дұрысы қайнатылған түрде. Егер буға піскен болса, тіптен жақсы. Майы аз сүт, табиғи йогурттар, сондай-ақ көкөністер, жемістер, бұршақ, жасымық, кез келген жарма мен жидектер де ұйқы безі үшін пайдалы", - дейді Людмила Васильева.

Ол ұйқы безіне кез келген мөлшердегі алкоголь өнімі кері әсерін тигізетінін атап өтті. Өйткені, алкогольді тұтынған кезде әрдайым ағзада тітіркену процесі болады дейді маман.

Сондай-ақ дәрігер ұйқы безінің жақсы жұмыс істеуі үшін күнделікті ас мәзірінен ащы тағамдарды алып тастап, майлы тағамдарды да тұтынуды шектеген абзал екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2001403-gematolog-dariger-uiqy-bezi-usin-en-paidaly-onimderdi-atady/

pixel