Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұрау салынған қазақстандықтардың жартысынан астамы МӘМС жүйесінің жұмысымен жақсы таныс

Опубликовано:

МЭМС
Фото : pixabay

NUR.KZ-те жарияланған сауалнамалардың нәтижесінен қазақстандықтардың МӘМС аясындағы қызметтерді қаншалықты жиі қолданатыны белгілі болды.

«МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар қандай медициналық көмек ала алады» деген сауалнама 8 cұрақтан тұрды және онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы басты білім қамтылды.

Сауалнаманың мақсаты – халық медициналық сақтандыру аясында ұсынылатын қызметтер және ТМККК мен МӘМС-тің айырмашылығын қаншалықты жақсы білетінін анықтау.

Мәселен, сауалнама нәтижелеріне сай, барлық сұрақ бойынша дұрыс жауап берген пайдаланушы үлесі 61%-ға тең болды.

Анықталғандай, қазақстандықтардың көп бөлігі жедел жәрдем қызметін қай категорияға жататын тұлғалар ала алатынын, МӘМС қатысушыларына тегін дәрі-дәрмектің берілу-берілмеуін және міндетті медициналық сақтандыру пакетіне не кіретінін жақсы біледі. Бұл сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 79%-ы жауап берді.

ТМККК мен МӘМС-тің айырмашылықтары туралы респонденттердің 63%-ы білетін болып шыққан.

Дәрумендер мен гормондарға тапсыратын қан талдаулары сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, барлық қазақстандыққа қолжетімді екенін білетіндер саны аз екені анықталды. Бұл сұраққа қатысушылардың 28%-ы ғана дұрыс жауап берген.

Еске салсақ, бұған дейін NUR.KZ редакциясы өз оқырмандары арасында тұрғындар МӘМС аясындағы қызметтерді қаншалықты жиі қолданатынын анықтау мақсатында сауалнама өткізген. Бұл сауалнама нәтижелеріне сай, сұрау салынған қазақстандықтардың жартысына жуығы медициналық сақтандыру аясында көмек алуға жүгінуге мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002247-surau-salyngan-qazaqstandyqtardyn-zartysynan-astamy-mams-zuiesinin-zumysymen-zaqsy-tanys/

pixel