Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақтандыру мәртебесінің топ-4 пайдасы

Опубликовано:

Медицина
Фото: pixabay

Денсаулық әр адамның басты байлығы мен ресурсы екені мәлім. Сол себепті оған баса назар аудару керек. Алайда мемлекет тегін медициналық көмектен бөлек, медициналық қызметтер алудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынып тұрған кезде үнемділік орынды.

Біздің елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі дәл осындай құралға айналды және тұрғындардың денсаулық сақтау саласына жұмсайтын шығындарын азайту - оның көп артықшылығының бірі ғана.

Бірінші пайдасы: Үнемдеу

МӘМС жүйесіне қатысу сақтандырылған азаматты ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық көмек алу үшін төленетін қосымша төлемдерден босатады. 2022 жылы 1 АЕК сомасының 5 пайызына немесе 3000 теңгеге тең болатын дербес төлем жасайтын азаматты мысалға алайық. Ол медициналық сақтандыруға бір жылда 36 мың теңге жұмсайды. Бұл сомаға азамат қажетті жағдайда дәрігерлердің қабылдауына баруға, бағасы қымбат диагностикалардан (қан талдаулары, КТ,МРТ, УДЗ) өтуге, стационарлар мен емханаларда ем алуға, қалпына келтіру және оңалту көмектерін алуға мүмкіндік алады. Осы қызметтерді алуға кететін шығындарды есептесе, айырмашылықты байқауға болады.

МӘМС – бұл тұрақты түрде жарна төлейтін адамға керек кезде медициналық қызметтерді төленетін сома көлеміне қарамастан алуға мүмкіндік беретін жүйе.

Екінші пайдасы: таңдау мүмкіндігі

Сақтандырылған азамат ҚР аумағындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған мекемелерден медициналық көмек ала алады. Қор бұған кететін шығындарды толық өтейді. Мәселен, егер жүкті әйел немесе бала стоматологиялық көмекке мұқтаж болса, онда ӘМСҚ қызметтерін жеткізуші болып саналатын кез келген жеке меншік клиниканы таңдауға болады. Сақтандыру қымбат ем түрін, диагностика мен отаны өтеп, осы арқылы сақтандырылған азаматтардың күтпеген жағдайларда ем алуға кететін қаржылық шығындарын азайтады.

Үшінші пайдасы: Сапа

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек қызметтерінің төленуін бақылап қана қоймай, сонымен бірге олардың сапасы мен көлеміне мониторинг жасайды. Компания сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды, себебі МӘМС «ақша науқастың артынан жүреді» қағидасы бойынша жұмыс істейтін болғандықтан, медмекемелер қызметтерді сапалы атқаруға мүдделі.

Төртінші пайдасы: Медициналық көмектің қолжетімділігі

Медицинаға бөлінетін қаражат неғұрлым көп болса, қазақстандықтардың ала алатын, тіпті ең қымбат деген қажетті медқызметтер саны да арта түседі. Егер 2019 жылы денсаулық сақтауға бөлінген бюджет көлемі 1 трлн теңге болса, 2022 жылы МӘМС-ті іске қосудың есебінен екі есе, яғни 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Саланы қаржыландыру көлемінің айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді, МӘМС пакетіне не кіреді, сақтандыру мәртебесін қалай тексеруге және емханаға қалай тіркелуге болады, жүйе қатысушысы атану үшін кімге және қанша ақша төлеу керек, медициналық сақтандыру моделінің әлеуметтік бағыттылығы қалай жүзеге асады деген сынды сауалдар бойынша толық ақпаратты NUR.KZ-тің «МӘМС туралы қарапайым тілде» деп аталатын арнайы жобасынан білуге болады.

Жүйе қатысушысы болудың пайдасын азаматтардың барлығы толық түсіне қойған жоқ. NUR.KZ-тің «МӘМС туралы қарапайым тілде» деп аталатын жобасы басты сұрақтарға толық жауап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002456-saqtandyru-martebesinin-top-4-paidasy/

pixel