Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оливье және "подшуба": диетолог жаңа жылдық салаттардың қайсысы пайдалырақ екенін айтты

Опубликовано:

"Подшуба" салаты
"Подшуба" салаты. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жаңажылдық дастарханның сәнін келтіретін Оливье және "подшуба" салаттарын әлі күнге сүйіп жейміз. Алайда диетолог Елена Соломатина бұл салаттарды көп мөлшерде жеуге болмайтынын айтады. Оның сөзінше, себебі, екі салаттың құрамында да асқазанға кері әсер ететін қоспалар бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

Диетологтың айтуынша, екі салатқа қосылатын зиянды қоспаның бірі – майонез.

"Оливьеде де, "подшубада" да майонез бар. Дегенмен, егер сіз оны өзіңіз дайындасаңыз немесе оны табиғи йогуртпен немесе майы аз қаймақпен араластырсаңыз, онда зияны барынша азаяды", – дейді Елена Соломатина.

Диетолог балықтың арқасында "подшуба" салаты Оливьеге қарағанда пайдалырақ екенін айтады. Егер майшабақ шамадан тыс тұздалмаған болса, ондағы омега-3 май қышқылдары ағза үшін өте пайдалы дейді маман.

Ал Оливье салаты пайдалы болуы үшін диетолог оған қосылатын шұжықты тауық немесе краб таяқшасы сынды басқа қоспалармен алмастыруға кеңес береді.

"Шұжықтан басқа, Оливьедегі барлық ингредиенттер пайдалы. Біздің ағзамыз жеңілдетілген қоспаларды оңай қабылдайды, яғни салатта бір немесе екі компонент болса жеткілікті.

Ал Оливье салатының құрамы күрделі. Біздің ағзамызға бір мезгілде жұмыртқаны, етті сондай-ақ көкөніс түрлерін қорыту қиынырақ. Сондықтан Оливье салатын зиянды деп айта аламыз", – дейді Елена Соломатина.

Десе де, диетолог Жаңа жылда денсаулыққа кері әсері болмас үшін екі-үш ас қасық Оливье немесе "подшуба" салатын жеуге болатынын атап өтті.

"Дегенмен, мерекелік кешкі ас кезінде тамақтану арасында үзіліс жасау маңызды – бұл ағзаға тамақты қорытуға мүмкіндік береді", – дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002622-olive-zane-podsuba-dietolog-solomatina-zana-zyldyq-salattardyn-qaisysy-paidalyraq-ekenin-aitty/