Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қымбаты да ағзаны улайды": дәрігерлер тұрғындарды ішімдік ішу кезінде абай болуға шақырды

Опубликовано:

Жаңа жылда алкоголь ішу
Алкогольдік ішімдік пен отшашу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дәрігерлер тұрғындарды алкогольдік ішімдік ішу кезінде абай болуға шақырады. Өйткені ішімдікті көп қолдану уланудың ауыр түріне соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды "24.kz".

Дәрігерлердің айтуынша, Психикалық сауықтыру орталығы жанындағы уақытша бейімдеу және уытсыздандыру бөлімшесіне әдеттегі күндері ішімдікке әуестенген 10-15 адам жеткізіледі. Ал мейрам күндері олардың саны 2-3 есеге дейін артады.

Мамандар халық арасында "қымбат ішімдік ағзаны уламайды" деген қате пікір барын айтады. Бірақ барлық ішімдіктің зияны бірдей.

"Халықтың арасында жалған түсінік бар. Егер қымбат алкогольдік ішімдік ішетін болса, оған оған ешнәрсе болмайды деген, оның бәрі қате түсінік. Мейлі ол қымбат алкогольді ішімдік болсын, мейлі ол арзан болсын, организмге тигізетін әсері өте зор. Көбі ойлайды 300 мл ішсем былай болады, 1 литр ішсем былай болады деп. Тағы айтамын, бұл дұрыс емес түсінік, себебі әркімнің организмі әрқалай қабылдайды", - дейді қалалық Психикалық сауықтыру орталығы директорының орынбасары Гүлмира Әбдібаева.

Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру бөлімшесінде емделіп жатқан азаматтардың бірі орталыққа келгеніне екі апта болғанын айтуда.

"Жұмыстан үйге қайтып бара жатып қымбат сапалы деген ішімдікті сатып алдым. Бірақ уланып осы жерге түстім. Менің түсінгенім алкогольдік ішімдіктің бағасы маңызды емес екен. Қандай болмасын адамға тизігетін зияны бар. Әрине бұл маған сабақ болды. Ішімдікке әуестенбеген дұрыс", - дейді ол.

Дәрігерлер алдағы мереке кезінде тұрғындарды алкогольдік ішімдік ішуден сақ болуға шақырды.

Авторлары: Ғайни Дәулетбаққызы, Григорий Беденко, Сержан Жұмабаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2003819-qymbaty-da-agzany-ulaidy-darigerler-turgyndardy-isimdik-isu-kezinde-abai-boluga-saqyrdy/

pixel