Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог қыжылды басуға көмектесетін өнімдерді атады

Жарияланған күні:

Сұлы ботқасы
Сұлы ботқасы. Көрнекі фото: Рexels.com

Дәрігер-терапевт, диетолог Елена Тихомирова қыжылды басуға көмектесетін өнімдерді атады. Бұл туралы ол "Мосленте" интернет-басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маманның сөзінше, қыжылмен күресуге сұлы ботқасы мен зығыр тұқымының қайнатпасы жақсы көмектеседі.

"Қыжыл кезінде сода қабылдауға қатаң тыйым салынады", - дейді ол.

Дәрігер үнемі қыжыл гастриттің, асқазан-өңеш рефлюк ауруының, асқазан жарасының, тіпті қатерлі ісік ауруының белгісі болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Сонымен қатар жайсыздық пен қыжыл артық салмақтан, түнде артық тамақтанудан, аш қарынға жаңғақтар сияқты майлы тағамдарды жеуге байланысты пайда болуы мүмкін.

Бұл жағдайда қыжылмен емес, оның пайда болуын тудыратын факторлармен күресу керек. Тұрақты немесе жиі қыжыл болған кезде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет", – дейді Елена Тихомирова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2004562-dietolog-qyzylga-komektesetin-onimderdi-atady/